Posted On: April 25th 2025, 06:56 pm
"Ақыл" депозиты
1) 01.01.2025 жылдан бастап 5 жасқа толған балалар "Ақыл" депозитын ашса, мемлекет бұл депозитке баланың болашақ орта арнаулы немесе жоғары оқуына төлеуі үшін ( егер грантқа түспесе) қалыпты отбасының балаларына-(60 мрп) 235 920 теңге, ал әлеуметтік әлсіз топ өкілдеріне ( жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға (120 мрп) - 471 840 теңге аударады.
Мысалы:
- Айжан 31.12.2024 күні 5 жасқа толды. Айжан -235 920 теңге АЛМАЙДЫ!
-Әсел 01.01.2025 күні 5 жасқа толды. Әсел -235 920 теңге АЛАДЫ!
-6,7 жастағы балалар -235 920 теңге АЛМАЙДЫ!
2) "Ақыл" депозиты 31.12.2024 не дейін ашылды. Алайда бала 5 жасқа 01.01.2025 тен кейін толса, ол бала қосымша келісім-шарт жасау арқылы 235 920 теңге алады.
Мысалы:
- Айя 25.10.2024 күні "Ақыл" депозитын ашты. Ол кезде Айя 4 жаста. Айяның туған күні 15.05.2025. Осы күні Айя 5 жасқа толады. Яғни Айя қосымша келісім- шарт арқылы 235 920 теңге АЛАДЫ!
- Арсен 2 жаста. Ата-анасы Арсенге 05.11.2024 күні "Ақыл" депозитын ашты. Арсен 5 жасқа 10.10.2027 күні толады. Яғни қосымша келісім-шарт жасау арқылы Арсен 235 920 теңге АЛАДЫ!
3) "Ақыл" депозитына 235 920 теңге/ 471 840 теңге түскен соң баланың ата-анасы/ заңды өкілі депозитты жыл сайын толықтырып отыруға міндетті ( қалыпты отбасылар үшін- бір жылда 24 мрп ( ай сайын - 7864 теңге) , әлеуметтік әлсіз топ үшін бір жылда 12 мрп(ай сайын -3932 теңге)
4) "Ақыл" депозитына сонымен қатар ай сайын 12% банк сыйақысы, 5-7% мемлекеттік сыйақы түсіп отырады ( депозитта жиналған салымның 100 мрп-сына түседі)
5) Сонымен қатар "Ақыл" депозитына бала 18 жасқа толғанда Ұлттық қорда жиналған ақша аударылады. Ұлттық қордың ақшасы қолға берілмейді, тек қана "Ақыл" депозитына аударылады.
6) Бала 18 жасқа толғанда грантқа өз күшімен түскен жағдайда "Ақыл" депозитында жиналған қаржысын бірнеше мақсатта қолдана алады
а) Оқуының ақысын төлейді
ә) Баспана алады
б) Бір туған іні/сіңілі/қарындасына береді
в) Шет елдегі оқуын төлей алады
г) Шешіп алуға болады
Load More