Posted On: April 25th 2026, 06:09 pm
Алданып мәз-мейрамға, сауықтарға,
Жем болған күні құрсын тауықтарға !
Көкжиектен алартып еркін ұшқан…
Қырандай бой жазамын қалықтарда
Қиыры жоқ даланың мен ұлымын,
Силағанның алдында мен құлымын
Қасқырмын тіс батса да есе бермес,
Содан болар, ашынып, сан ұлыдым !
Load More