3 months agoОсы клубтың өзіндік стилін жоғалтпай келе жатқаны тікелей Сізге байланысты🔥🔥🔥Алдағы уақытта тек тың идеялармен белестерді бағындыра беріңіз😍😍😍
3 months ago«Кемел ұстаз» кітап оқу клубына – 5 жыл! Құрметті «Кемел ұстаз» кітап оқу клубының мүшелері! Кітапты серік етіп, білім мен ізденісті өмір салтына айналдырған клубымыздың құрылғанына 5 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын! Бес жыл – талай жақсы кітаптың беттерін бірге парақтап, ой бөлісіп, пікір алмасып, рухани қазынамызды байытқан ерекше кезең. Әр оқылған кітап – жаңа ой, әр кездескен жан – жаңа көзқарас, әр бас қосу – жүрекке жылу сыйлаған сәт. «Кемел ұстаз» атауының өзі үлкен мағынаға ие. Ұстаздың кемелдігі – үздіксіз ізденісте, ал ізденістің ең жақсы серігі – кітап. Осы жолдан таймай, білімге деген құштарлықтарыңыз арта берсін! Клубымыздың шаңырағы биік, ынтымағы берік, оқырмандары көп болсын! Алдағы жылдары да талай тағылымды кітаптарды бірге оқып, талай жақсы бастамаларға себепкер болайық. 5 жылдық мерейтойымыз құтты болсын! «Кемел ұстаз» клубы жасай берсін, бірге оқиық, бірге өсейік, бірге кемелденейік!
