Posted On: August 18th 2026, 07:34 am
Күн сайын — жаңа тәжірибе, жаңа білім, жаңа орта. Әр бағындырған белесім мені тоқтатпай, керісінше, өзіме деген талабымды одан сайын арттыра түседі. Себебі «болдым», «толдым», «бәрін білемін» деген ойға тоқтағым келмейді.
Мен үшін нағыз өсу — көп білуде ғана емес, әр үйренген сайын білмейтінімнің әлі де көп екенін түсінуде. Үндемей ізденіп, байқатпай дамып, әр ортадан өзіме бір сабақ ала жүру — менің ұстанымым.
Қанша биікке көтерілсем де, бойымдағы қарапайымдылықты жоғалтқым келмейді. Өйткені адамды биіктететін — білімі ғана емес, сол біліммен бірге адам болып қала алуы.
#тамызконференциясы #тамызкеңесі