Posted On: September 22nd 2026, 12:10 pm
Елдің ертеңі туралы сөз болғанда, жастардың үні естілуі маңызды.
Халық Кеңесінің құрылуын қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты нығайтатын жаңа мүмкіндік деп қабылдаймын. Біз, жастар, еліміздегі өзгерістердің сырттай бақылаушысы емес, оған өз үлесін қосатын буын болуымыз керек.
Бүгінгі жасқа білім мен бастамашылдық қана емес, елге деген жауапкершілік те қажет. Өз тарихымызды, тіліміз бен ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, заманауи Қазақстанның дамуына атсалысу – біздің міндетіміз.
Халық Кеңесі жастардың да ойы мен ұсынысы ескерілетін ашық диалог алаңына айналады деп сенемін.