Posted On: October 8th 2026, 05:22 pm
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ!
Бүгін Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі төрінде тарихи маңызы бар үлкен іс-шара өз мәресіне жетті.
“Ұлттық спортты дамытудағы білім, ғылым және федерациялар ынтымақтастығы: Дәстүр, дарын және заманауи тәжірибе” атты Республикалық ғылыми-практикалық форумы жоғары деңгейде өтті. Форумды Қазақ спорт және туризм академиясы (ҚазСТА) мен “NOMAD International School” бірлесіп ұйымдастырды.
Бұл – Қазақстан тарихында тұңғыш рет ұлттық спортты ғылыми тұрғыдан қарастырған алқалы басқосу болды. ҚазСТА президенті профессор Закирьянов Қайрат Қайроллаұлы бастаған профессорлар, PhD докторлар мен еліміздің түкпір-түкпірінен келген 20-дан астам ұлттық спорт федерациялары басшылары мен өкілдері. ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушылары мен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері де қатысты.
Дәстүр:- Ұлттық спортты мектеп бағдарламасына енгізу және этнопедагогикалық негізі.
Дарын:- Генетикалық іріктеу арқылы болашақ Әлем чемпиондарын ауылдан іздеу әдістемесі.
Тәжірибе:- Федерациялардың жұмысын кәсіби деңгейіне көтеру.
“ҚазСТА” мен “NOMAD International School” енді білім, ғылым мен спорт бірге дамитын болады!
Осындай игі істі қолдап, жоғары деңгейде ұйымдастырған Қазақ спор�