Posted On: November 2nd 2026, 10:10 am
Сәтбаев университетінде Мемлекет басшысының Жолдауы талқыланды
Сәтбаев университетінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті.
Кездесу барысында Жолдаудың негізгі бағыттары мен стратегиялық басымдықтары талқыланып, мемлекеттілікті нығайту, қоғамдық келісімді сақтау, мемлекеттік басқаруды жаңғырту және ұлттық мүдделерді қорғау мәселелері қарастырылды.
Қатысушылар елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі ғылым мен білімнің, сондай-ақ қоғамдық институттардың рөліне тоқталып, Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асырудың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Дөңгелек үстел мемлекеттік бастамаларды ғылыми тұрғыдан саралап, ел болашағына қатысты ортақ көзқарас қалыптастыруға арналған мазмұнды диалог алаңына айналды.
#СәтбаевУниверситеті #SatbayevUniversity #Жолдау #Ғылым #Білім