Posted On: September 18th 2026, 07:28 am
Жасанды интеллект пен робототехника - бір алаңда!
AI Month аясында өтетін AI & Digital Bridge Cup 2026 - жасанды интеллект, робототехника және цифрлық технологияларды біріктіретін ауқымды іс-шара.
Шараның маңызды бағыттарының бірі - FIRST Tech Challenge (FTC) қамтиды🕹️
Биыл жарысқа 11 қаладан 500-ге жуық жас робототехник жиналып, өз білімдері мен жобаларын ортаға салады.
Бұл категорияда жас робототехниктер өздері құрастырған роботтармен жарысып, инженерлік ойлау, бағдарламалау және командалық жұмыс дағдыларын көрсетеді. ⚙️
Жыл сайын өтетін бұл жарысқа біздің оқушыларымыз да белсенді қатысып келеді. Олар өз роботтарын сынап, тәжірибе жинап, еліміздің әр өңірінен келген жас инженерлермен кездеседі🚀
Load More