Posted On: October 6th 2026, 09:27 am
«Қазір кішкене шыдасам, бәрі қалпына келеді» — бұл тікелей эмоционалдық күйзеліске (выгорание) алып келетін елес (иллюзия).
Мәселені байқамағансып, тісті ақсита шыдау - мықтылық емес. Дене мен психикамызды елемей, «бәрін басқарамын» деп өзімізді алдаған сайын, олар ұйқысыздық, апатия мен мазасыздық арқылы жауап қайтарады.
Мәселеден қашу - су кірген қайықтың тесігін қолмен жауып отырғанмен бірдей: уақыт өте ол батады. Оны мойындау, «Маған қиын, созып жүре алмаймын» деп ашық қарау - әлсіздік емес, өзіңді сақтап қалудың жалғыз жолы.
«Мәселені де, өзіңнің осалдығыңды да мойындау-жеңіліс емес. Бұл - өзіңе және шынайы өмірге қайта оралудың алғашқы қадамы»
Ал сізде «кішкене шыдай тұрайын, бәрі өзі өтеді» деген ой бола ма? Өзіңізге қалай қолдау көрсетесіз ондай кезде?