Posted On: October 13th 2026, 05:51 am
«ТҮНГІ КІТАПХАНАДА» – ҚАЛҚАМАН САРИН!
Мені ешкім іздемесін.
Сен ізде!..
Ізгі өлеңі іздемеді дегізбе!
Дәл осылай бола ма екен сүюге?
деп таңғалсын
Өзен, Мұхит, Теңіз де!..
Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының «Түнгі кітапхана» жобасы аясында ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының және «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қалқаман Саринмен «Таңғы шықтың ішінен мөлт еткен күз» атты кездесу кеш өтеді.
Бұл кеште ақынның өлеңдерін өз дауысымен тыңдап, жырларының жазылу тарихына қанығасыз. Әдеби композициялар мен ақын сөзіне жазылған әндер ұсынылып, «Ашық микрофон» айдарында қаламгермен еркін әңгімелесуге мүмкіндік беріледі.
Күні: 17 қазан 2026 жыл
Уақыты: 17:00
Өтетін орны: «Фараб» кітапханасы