Instagram story viewer> @auezov_university> Post
2 days ago
Photo by AUEZOV UNIVERSITY on October 13, 2026. May be an image of one or more people and text.
63
Posted On: October 13th 2026, 07:52 am
КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Әбілхайыр Темірханұлы Батырбай – Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, физика пәнінің мұғалімі, ҰБТ сарапшысы. Жоғары және орта білім беру жүйесінде педагогикалық, ұйымдастырушылық және басқарушылық тәжірибесі бар маман.

Әбілхайыр Темірханұлы 2015–2018 жылдары Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы қызметін атқарған. Осы кезеңде студенттік бастамаларды қолдау, қоғамдық жобаларды үйлестіру және университеттің ұйымдастырушылық жұмыстарына қатысу бағытында тәжірибе жинақтаған.

2020 жылы №23 мектеп-лицейінде физика пәнінің мұғалімі болып еңбек еткен. 2023–2025 жылдары «Tolebi Smart School» мектебінің, 2025–2026 жылдары «Дарын-2025» зияткерлік мектебінің директоры қызметін атқарған. Басшылық қызметінде оқу үдерісін ұйымдастыру, педагогикалық ұжымның жұмысын үйлестіру, білім сапасын арттыру және оқушыларды жоғары оқу орындарына даярлау бағыттарына көңіл бөлген.

Әбілхайыр Темірханұлының білім беру ұйымдарын басқарудағы тәжірибесі, педагогикалық біліктілігі және жаңашыл бастамалары Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Кәсіптік бағдар беру орталығының жұмысын жетілдіруге, мектептермен әріптестікті нығайтуға, талапкерлерді тарту жұмыстарын жүйелеуге және олардың саналы мамандық таңдауына зор үлес қосады деп сенеміз!

Әбілхайыр Темірханұлы, жаңа қызметіңіз құтты болсын!
Comments (63)
ilyassskind 2 days ago

ilyassskind

👏👏👏

sakenova_rimma 2 days ago

sakenova_rimma

Менің шәкіртім мықты! Құтты болсын 🔥

keness_n 2 days ago

keness_n

Құтты болсын Әбеке🔥🔥🔥

zharkyn_sattaryli 2 days ago

zharkyn_sattaryli

Құтты болсын бауырым, жаңа қызметтіңді абыроймен атқара бер 👍✊

yerdauletbelassar 2 days ago

yerdauletbelassar

Сәттілік Әбеке 👏👍🏻

akdidar.y_ 2 days ago

akdidar.y_

🔥😍👏

almaspyn 2 days ago

almaspyn

👏🔥

yeenlik__ 2 days ago

yeenlik__

🔥🔥🔥🔥🔥

mailybek.saltanat 2 days ago

mailybek.saltanat

👏👏👏👏

aruzhan.tolegenn 2 days ago

aruzhan.tolegenn

😍😍😍

akerkeyesss 2 days ago

akerkeyesss

🔥🔥🔥

nurzhan_massekenov 2 days ago

nurzhan_massekenov

@abilkhaiyr 👏👏👏👏👏 құтты қызмет болсын

anzhikov 2 days ago

anzhikov

Құтты болсын!🔥🔥🔥👏👏👏

turgunoverali 2 days ago

turgunoverali

🔥🔥🔥

nuralikhudaibergenov 2 days ago

nuralikhudaibergenov

Құрметті Абулхайыр ағай! Сіздің ұжымнан кететініңізді естіп, бір жағынан қимастық сезімінде болсам, екінші жағынан болашағыңызға қуанып отырмын. Аз уақыттың ішінде өзіңіздің іскерлігіңізбен, жас та болсаңыз біліктілігіңізбен және үлкен ұйымдастырушылық қабілетіңізбен бәріміздің құрметімізге бөлендіңіз. Жасыңыз маған қарағанда кіші болса да, бойыңыздағы еңбекқорлық пен кәсібиліктен мен өзіме үлкен үлгі алып, көп нәрсе үйрендім. Сіз – тек мықты маман ғана емес, мейірімі мол, ақжүрек, әрқашан қолдау көрсетуге дайын тұратын ашық жансыз. Сізбен бірге жұмыс істеген күндер мен үшін өте бағалы әрі қуанышты сәттерге толы болды. Жаңа бастамаларыңыз бен болашақ жолыңызға тек сәттілік тілеймін! Еңбегіңіз жанып, алар асуларыңыз бен бағындырар биіктеріңіз көп болсын. Ақжүректігіңіз бен биік парасатыңыз сізді әрдайым тек жақсылыққа жетелесін!

Load More
back to up