Posted On: October 22nd 2026, 03:20 am
Кәсіпкер әрі бизнес жүргізу туралы кітаптың авторы Назгүл Сәтбаева шоу-бизнес өкілдерінің кәсіпкерлік қызметіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, танымал өнер адамдары ашқан дүкендер мен сұлулық салондарында қызмет көрсету сапасы көңіл көншітпейді.
Кәсіпкердің сынына Гүлзира Айдарбекова да жауап берді. Ол Назгүл Сәтбаеваның пікірін сынға алып, өзгенің кәсібінен мін іздеп, танымал адамдарды сынау арқылы аудитория жинауға тырыспауға шақырды.
«Бояушы, бояушы дегенге сақалын бояпты» дегендей, ақылшы болып елді таңғалдырып, атағы бар адамдардың артынан сөйлеп, хайп жинап, подписчик көбейтпей-ақ қойшы. Біздің дүкеннің тазалығындай дүкен ашып, жасап көр алдымен. Осы мін іздеп, тырнақ астынан кір тауып отыратындардан қалдық қой», – деді ол.
Load More