Posted On: October 29th 2026, 05:20 am
Айранмен пирог пісірейік😍.
Керекті заттар👇🏻
2 жұмыртқа
1 стакан айран
1 стакан қант
1 шай қасық разрыхитель
2 ас қасық сұйық май
10 ас қасық ұн ( толтырып)
Дайындалуы: Алдымен 2 жұмыртқаны ыдысқа жарып аламыз. Үстіне 1 стакан айран, 1 стакан қант және 1 шай қасық разрыхлитель қосып, біркелкі болғанша жақсылап шайқаймыз.
Содан кейін 10 ас қасық толтырып ұн салып, қоюлығын келтіреміз.
Ең соңында 2 ас қасық сұйық май құйып, қамырымызды дайындап аламыз.
Дайын қоспаны қалыпқа құйып, 180 градуста 40–45 минутқа пешке жібереміз.
🔥⚠️ Бір маңызды ескерту: 40 минут өтпей пештің есігін ашып тексермеңіз! Әйтпесе пирогыңыз көтерілмей, басылып қалуы мүмкін.
Осындай оңай рецептердің түр-түрін білгіңіз келсе, парақшама тіркеліп алыңыз! 🌸
#рек
#рекомендации #оңайрецепт #пирог Load More