Instagram story viewer> @arnadospulayeva> Posts
42.4K
followers
207
following
Мәдениетке жаңа көзқарас қалыптастырамын.
Блогер болғанда - дұрыс жағынан🔥
Ынтымақтастық: +7 777 795 0417
POSTS STORIES REELS TAGGED
ХАН ОРДАСЫНА КЕЛІП, ҚУАТ АЛДЫМ. ❤️‍🔥

Бұл жерде жай ғана тарих жоқ.
Бұл жерде — елдің ізі, жердің киесі, бабалардың аманаты бар.

Топырағына табан тиген сәттен-ақ жүрек басқа соғады…
Көңілде бір ерекше толқыныс, бойда бір бөлек қуат пайда болады.

Мен тарихты сүйемін.
Өнерді сүйемін.
Адамдарды сүйемін.
Өйткені осы үшеуі — ұлттың жаны.

Хан ордасы — өткенді еске алатын мекен ғана емес,
болашаққа рух беретін қасиетті кеңістік.

Осындай жерлерге келген сайын өзімнің кім екенімді, қайдан шыққанымды, не үшін қызмет етіп жүргенімді тағы бір мәрте сезінемін.

Рух бар жерде — қуат бар.
Тарих бар жерде — тағылым бар.
Ел бар жерде — аманат бар.

Рахмет, Хан Орда!
Рухың биік, тарихың мәңгі болсын! 🇰🇿❤️‍🔥
@bokeiordasyaudany 
#арнадоспулаевадәстүрмейкер by @arnadospulayeva
8
14 days ago
Download
Адамның энергиясы барда — тау қопарады.

Қуатың барда қиындықты мүмкіндікке, ойды іске, арманды нәтижеге айналдыра аласың.

Сондықтан энергиямызға мұқият болайық.
Кімге уақытымызды береміз, қандай ортада жүреміз, нені ойлаймыз, нені жүрекке жақындатамыз — мұның бәрі біздің ішкі қуатымызға әсер етеді.

Энергияны тек демалыс емес, мәнді өмір де береді.
Жақсы адамдар.
Сүйікті іс.
Өсу.
Қозғалыс.
Жаңа мақсат.
Біреуге пайдаңның тиюі.

Мен үшін энергия — өзің үшін ғана емес, адамға, қоғамға, әлемге қызмет етуге берілген мүмкіндік.

Сондықтан өзіңді тауысып емес, өзіңді толтырып өмір сүр.

Ішіңде қуат болса — сөзің де өтімді, ісің де нәтижелі, жолың да ашық.

Энергияңды қорғай біл.
Себебі сенің қуатың — сенің капиталың.❤️

#мәдениетжауынгері #дәстүрмейкерарнадоспулаева by @arnadospulayeva
11
12 days ago
Download
Бөкей Ордасынан оқырманым келіп, сары май әкеліп тұр… 🥹❤️
«Елдің дәмі ғой, алыңыз» дейді…

Қай жерге барсам да, алдымнан оқырмандарым шығып, осылай ықыласын білдіріп жатады.
Бұл — мен үшін кез келген сыйлықтан қымбат адамның ақ ниеті, жүрегінің жылуы.

Сары майдың дәмінен де бұрын,
осы ықыластың дәмі жүрекке жетеді… 🥹

Рақмет, кең жүректі, көңілі дархан оқырмандарым!
Сіздерді құшақтадым! ❤️ by @arnadospulayeva
9
14 days ago
Download
❤️ by @arnadospulayeva
11
2 days ago
Download
«Қазақбайский мінезі бар осы Арнаның…» деген әңгіменің бүгін құлағыма жеткені бар ғой. 😂

Қалқатайларым-ау, осы сөзді айтпас бұрын, өздеріңнің арғы тегіңе, ата-бабаларыңа бір үңіліп алсаңдар қайтеді?!

Ана тілін құрметтемеу — ұят!
Ұлттық құндылықты менсінбеу — ұят!
Еліңді, жеріңді сүймеу — ұят!
Ұрпағыңа жеті атасын, тегін, тілін, салт-дәстүрін үйретпеу — ұят!
Ал өз тамырыңды білмей тұрып, өзгенің тамырын қазбалау — одан да ұят!

Мен ұлттық болмысымды дәріптегенім үшін ешкімнен кешірім сұрамаймын! Қазақтың үкілі бөркін киіп, салт-дәстүрін насихаттауым біреуге «қазақбайский мінез» болып көрінсе, көріне берсін. 😂

Мен өз тамырымнан ұялмаймын! Қазақтығымды жасырып қалмаймын! Ұлттық құндылықты дәріптеуден тоқтамаймын! 🇰🇿

Біреуді сыртынан талқылағанша, өз тегіңді түгендеп, ұрпағыңа жеті атаңды үйретуге асық!

Қызмет те, шен де уақытша. Ал ұлттық тәрбие мен адамдық ұстаным — өмірлік!

Айтарларың болса, сырттан сөз қылмай, бетіме айтыңдар. Мен ашық әңгімеден қашпаймын!

Қазақы болмысым үшін кешірім сұрамаймын! ❤️🇰🇿

 #ҚазақыБолмыс #ҰлттықҚұндылық #АнаТілі #СалтДәстүр ЖетіАта by @arnadospulayeva
2
5 days ago
Download
taken in Aksay by @arnadospulayeva
1
5 days ago
Download
ҚҰТТЫҚТАУ

Бөрлі аудандық демалу орталығының директорының міндетін атқарушы Арна Доспулаева Едекешқызы мекеменің кадр бөлімінің мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Құттықтау барысында кадр қызметі мамандарының мекеме жұмысын жүйелі ұйымдастырудағы, қызметкерлермен жұмыс жүргізудегі және еңбек тәртібін сақтаудағы маңызды рөлі атап өтілді.

Кадр қызметі – мекеменің тұрақты әрі тиімді жұмыс істеуіне үлес қосатын маңызды сала. Бұл бағыттағы жауапкершілік, ұқыптылық пен кәсібилік ұжымның ұйымшылдығы мен ортақ нәтижесіне тікелей әсер етеді.

Мереке иелеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс және кәсіби жетістіктер тілейміз!

Бөрлі аудандық демалу орталығы. by @arnadospulayeva
12
5 days ago
Download
МӘДЕНИЕТТІ МЕНСІНБЕУШІЛІКТЕН АРЫЛАТЫН УАҚЫТ ЖЕТТІ!

Өнер адамы, сазгер, ақын, әнші, талант иесі… Бұлар — жай ғана сахнаға шығып, ән айтып, өлең оқитын адамдар емес. Бұлар — қоғамның рухани тынысын қалыптастыратын, ұлттың жадын жаңғыртатын, елдің мәдени келбетін жасайтын тұлғалар.

Сонда неге біз өнер иелерін көбіне барып кел,шауып кел деңгейдегі шаралармен шектейміз? Неге талантты халықаралық деңгейге көтеріп, елге танытуға келгенде тартынамыз? Оған не кедергі: мүмкіндік жоқ па, жүйелі көзқарас жоқ па, әлде мәдениетке деген құрмет әлі де жеткіліксіз бе?

Мен үшін бұл — жай ғана сұрақ емес. Бұл — мәдениетке деген көзқарастың көрсеткіші.

Мәдениетті есеп үшін өткізілетін іс-шаралардың жиынтығына айналдыруға болмайды. Өнер адамының бағасы оның қай сахнаға шыққанымен ғана өлшенбейді, бірақ талантты үлкен сахнаға алып шығу — жүйенің, басшылықтың, мәдениет саласының ортақ жауапкершілігі.

Қолыңда шен болуы мүмкін. Лауазымың, атағың, ықпалың болуы мүмкін. Бірақ соған сай рухани биігің, мәдени талғамың, елдік мүддеге қызмет ететін көзқарасың болмаса, қалғанының бәрі сыртқы көрініс болып қалуы мүмкін.

Өйткені елдік дегеніміз — тек ұран емес. Елдік — өнерге құрметтен, тілге жанашырлықтан, талантты бағалаудан, ұлттық құндылықты ұлықтаудан көрінеді.

Мен мәдениет саласына тек шара өткізу үшін келген жоқпын. Менің ұстанымым — өнердің өрісін кеңейту, таланттың жолын ашу, ұлттық руханияттың беделін көтеру.

Мәдениет қызметкері тек тапсырма орындаушы емес. Ол — идеологияның тасымалдаушысы, ұлттық құндылықтың насихатшысы, қоғамның рухани дамуына үлес қосатын тұлға.

Сондықтан мәдениетке қаржы бөлу ғана жеткіліксіз. Оған саналы көзқарас, батыл шешім, жүйелі қолдау және шынайы құрмет қажет.

Мен үшін мәдениет — қосалқы сала емес. Мәдениет — ұлттың рухани тірегі.

Ал руханиятты көтермей, елдің деңгейін көтердік деу — өзімізді өзіміз алдау.

Мәдениетті менсінбеушілікпен емес, мәдениеттің мүмкіндігін мойындаумен өсейік. Талантты шектемей, биікке көтерейік. Өнерді тек сахнада қалдырмай, қоғамның санасына айналдырайық.

Өйткені руханияты биік елдің ғана болашағы берік!

Бұл — менің жеке көзқарасым ғана емес, мәдениет саласындағы кәсіби ұстанымым. 
#арнадоспулаевадәстүрмейкер by @arnadospulayeva
8
7 days ago
Download
Мен өсек айтатын емес, ой бөлісетін адамдармен араласқым келеді.
Біреудің өмірін талқылайтын емес, өз өмірін жақсартуға ұмтылатын жандармен дос болғым келеді.

Мен үшін адамның биіктігі — атағында емес, адамдығында.
Байлығы — дүниесінде емес, жүрегінің кеңдігінде.
Ал шынайы әдемілігі — өзгені кемітпей-ақ жарқырай алуында.

Өмір қысқа. Бір-бірімізді өсірейік, қолдайық, жақсы сөзімізді аямайық. Өйткені өзгенің жарығын өшіру арқылы ешкімнің жұлдызы жанбайды. 🤍

Менің ортамда өсек емес — өнеге,
қызғаныш емес — қолдау,
бәсеке емес — бірге өсу болғанын қалаймын.

Өзгенің жетістігіне шын қуана алатын, біреудің сыртынан сөз термей, бетіне шындықты айта алатын, жүрегі таза адамдарды бағалаймын.

Мен өзімді дамытуға, санамды өсіруге, айналама пайдамды тигізуге ұмтыламын. Сондықтан жанымдағы адамдар да мені алға жетелейтін, рухымды байытатын жандар болса деймін.

Өйткені адамның ортасы оның мінезіне әсер етеді, ал таңдаған құндылығы оның кім екенін көрсетеді. ❤️ by @arnadospulayeva
4
8 days ago
Download
Кім не байқады?😍 by @arnadospulayeva
12
9 days ago
Download
@kadyr_myrza_ali_ortalygy,@iirim.kz рахмет тамаша кеш үшін🫶🍂

@talgat_myki @zharkynbek_shyntai 👍 by @arnadospulayeva
9
10 days ago
Download
❤️ Қос жүрек — бір сахнада тоғысқан екі тағдыр, екі сезім, бір әуен…

@kadyr_myrza_ali_ortalygy атындағы мәдениет және өнер орталығының ұйымдастыруымен @iirim.kz ұсынуымен «Қос жүрек» поэзиялық-музыкалық кешке қонақ болып келдім❤️

Шашымды өрген: @tureyevaa 
Ажарымды әрлеген: @alpissova_makeup 
Ойымдағы этно кеудешемді  бір күнде дайындаған @zy_theyou @zhuldyz_khuspan 🫶 by @arnadospulayeva
18
10 days ago
Download

Download All

Save the photos and videos currently loaded on this page.

0Photos
0Videos
Ready to download 0 / 0

Keep this tab open until your download is ready.

back to up