Instagram story viewer> @atpress.kz> Posts
51.3K
followers
0
following
💯Больше чем паблик
🇰🇿Эксклюзивные новости Атырау и KZ
❗️Информируем 24/7
🎥Актуальные видео и репортажи
👁️Стали очевидцем, пишите в Direct
POSTS STORIES REELS TAGGED
Download All
🇳🇱🇰🇿Шон Ниволд: Жаным - қазақ.

🏊🏻‍♂️Елімізде жүзу спортынан тұңғыш рет өтіп жатқан Әлем Кубогының қорытынды кезеңінде 50 елдің 750 спортшысы бақ сынап жатыр.
Арасында Нидерландыдан келген Шон Ниволдта бар. Оның анасы - қазақ, Атырау облысының тумасы. Айтуынша, нағашы жұртына яғни Қазақстанға жиі келіп тұрады. Ол елімізге қоныс аударуға ниетті екенін де жасырмады. 

Шон биылғы маусымда Silk Road Tour сериясындағы Әлем Кубогы кезеңдерінде бақ сынап, екі рет үшінші орынға ие болды. by @atpress.kz
1
6 minutes ago
Download
🇰🇿 Чемпионка мира-2025 из Казахстана Шугыла Омирбек камбэкнула с 0-6 и взяла бронзовую медаль ЧМ-2026 U23 по борьбе!

🥉️️️️️️22-летняя казахстанка в поединке за третье место вырвала победу у украинки Снежаны Онуфриевой со счетом 11:10 👏

@_shuqyla_ 🔥🔥🔥👏👏👏

#казахстан #борьба #wrestling #туркестан #kz by @atpress.kz
1
36 minutes ago
Download
АТЫРАУДА МУЗЕЙ ІСІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Бүгін  Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Заманауи музейлік жоба: өзекті нысандар мен әдістер» тақырыбында облыстық жобалық білім беру семинары өтті.

Үш күнге жоспарланған кәсіби шараға облыстың 13 мәдениет мекемесінен 25 музей қызметкері қатысты. Семинардың негізгі мақсаты – музей мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру, мәдени мұраны сақтау,  заманауи музейлік жобаларды әзірлеу мен жүзеге асырудың тиімді әдістерін меңгерту және тәжірибе алмасу.

Атырау облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әбіл Тауфиқұлы мамандардың жобалық жұмыстарымен танысты. Кездесу барысында басқарма басшысы семинардың өзектілігі мен маңыздылығына тоқталып, мұндай кәсіби шаралардың музей ісін дамытуға, мамандардың шығармашылық әлеуетін арттыруға және заманауи музей қызметін қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті. 

Семинар спикерлері – Алматы қаласынан келген музейтанушы, тарих ғылымдарының кандидаты, «Тұран» университеті Туризм және қонақжайлылық жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры Ғалия Шаукетқызы Файзуллина
👇👇👇 by @atpress.kz
2
17 hours ago
Download
В одном из университетов Кыргызстана студенты решили необычно поздравить с днём рождения любимую сотрудницу, которая уже 30 лет работает в вузе и следит за чистотой.

Молодые люди подготовили для неё настоящий сюрприз: купили торт, цветы, конфетти и пригласили женщину на поздравление. Но такой встречи она совсем не ожидала.

Увидев, что для неё приготовили студенты, женщина не смогла сдержать слёз. Растроганная вниманием молодёжи, она призналась: «Вы все мне как дети».

Трогательная история не оставила равнодушными и пользователей соцсетей. В комментариях люди восхитились поступком студентов и поблагодарили их за доброту и уважение к человеку, который столько лет трудится в университете.

Иногда для счастья человеку нужно совсем немного: внимание, благодарность и ощущение, что его труд действительно ценят.

👨‍💻 BLOG ERZHANA by @atpress.kz
8
19 hours ago
Download
Атырау облысында ата-ана, бауырларынан айырылған Ақбаян Мұқанғалиева жазу-сызуды қайта үйреніп жүр. 

Айта кетейік, төрт адамды өлтірген Сұлтан Сәрсемәлиев өмір бойына сотталды. Ақбаян екеуінің бес баласы бар. by @atpress.kz
34
a day ago
Download
 by @atpress.kz
6
a day ago
Download
Меруерт Өтекешова: «Қазақтың қыздары батыр мінезді болуы керек»

Қазақстанның Халық әртісі Меруерт Өтекешова қазақ қызының мінезі, адалдығы мен батылдығы туралы пікір білдірді.

Өнер иесі «Қыз Жібек» фильміндегі басты кейіпкердің әрекетін мысалға алып, оның бейнесі тек махаббат тарихымен шектелмейтінін айтты.

«Қыз Жібек» фильміндегі Төлеген мен Бекежанның арасындағы жанжалды тоқтатуға ұмтылған Жібектің әрекетіне назар аударған актриса оның бойындағы батылдық пен азаматтардың амандығын ойлайтын қасиетті атап өтті. Оның айтуынша, Жібек екі батырдың қаны төгілмеуі үшін тәуекелге барады. Бұл — кейіпкердің мінезін айқындайтын маңызды сәттердің бірі.

«Міне, қазақтың қыздары қандай болады! Мәншүк сияқты, Әлия сияқты. Мен де өмірде сондаймын», — деді Меруерт Өтекешова.

Сондай-ақ актриса өзі үшін адалдықтың маңызды екенін айтып, өтірік пен сатқындықты жек көретінін жеткізді.

Меруерт Өтекешованың пікірінше, адамның мінезі оның іс-әрекетінен көрінеді. Ал адалдық пен батылдық — адам бойындағы бағалы қасиеттер. by @atpress.kz
25
a day ago
Download
⚽️ Алаңдағы тартысты ойын, жанкүйерлердің қызу қолдауы мен ерекше эмоцияға толы матч.

Бұл жолы жеңіс бұйырмағанымен, «Атырау» жанкүйерлері командасына қолдау көрсетуді жалғастырады. Себебі нағыз жанкүйер жеңісте де, жеңілісте де өз командасымен бірге💚 by @atpress.kz
0
a day ago
Download
«Атырау» өз алаңында «Елімайдан» жеңіліп қалды

Атырауда өткен «Атырау» мен «Елімай» командалары арасындағы матч 1:2 есебімен аяқталды. Өз алаңында өнер көрсеткен «мұнайшылар» есепті теңестіргенімен, кездесудің соңында жеңіліске ұшырады.

Матчтан кейін «Атырау» футбол клубының бас бапкері Самат Смақов ойынға қатысты пікір білдірді.

«Жігіттер жеңіліске лайық болған жоқ. Әсіресе екінші таймда үзіліс кезінде берген тапсырмаларды орындады деп ойлаймын. Өкінішке қарай, жіберілген қателіктердің салдарынан екі гол өткізіп алдық. Бұл үшін ешкімді кінәлағымыз келмейді. Жас қақпашымызды да кінәлауға болмайды, өйткені алаңда бір қақпашы емес, бүкіл команда ойнайды», - деді Самат Смақов.

Бас бапкер жанкүйерлерге де алғысын білдіріп, команда бүгін оларға жеңіс сыйлай алмағанына өкініш білдірді.

«Бүгін жанкүйерлерімізге мереке сыйлай алмағанымызға қатты өкінемін. Бұл кездесуді бәріміз асыға күттік. Жанкүйерлердің қолдауы ерекше болды. Футболшылар да олардың қолдауын сезінді. Бүгінгі жеңілісті өз мойныма аламын. Жанкүйерлерден тағы да кешірім сұраймын», -  деді бас бапкер.

Самат Смақовтың айтуынша, команда алдында әлі үш кездесу бар. Оның екеуі сырт алаңда, біреуі өз алаңында өтеді. Сондықтан алдағы ойындарда ұпай жинауға мүмкіндік бар. by @atpress.kz
7
a day ago
Download
⚽️«Атырау» есепті теңестірді!

💚Қазіргі есеп – 1:1. «Атырау» командасы өз алаңында жанкүйерлерін голмен қуантты. Кездесу жалғасуда. by @atpress.kz
13
2 days ago
Download
⚽️«Атырау» мен «Елімай» матчында бірінші тайм қорытындысы бойынша есеп – 0:1

🥅Бүгін Атырау қаласындағы «Судоремонтник» стадионында «Атырау» мен «Елімай» футбол командалары кездесіп жатыр.

💚Матчтың бірінші таймында қонақ команда «Елімай» бір гол соғып, есепте алға шықты. Қазір есеп – 0:1.

⏱️Кездесудің екінші таймында «Атырау» командасы есепті теңестіруге тырысады. Ал ойынның қорытындысы әзірге белгісіз. by @atpress.kz
0
2 days ago
Download
Қазақстанда тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 1,3 трлн теңге бағытталды

Қазақстанда соңғы жеті жылда азаматтарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге шамамен 1,3 трлн теңге бөлінді. Осы кезеңде жыл сайын орта есеппен 3,3 млн  пациент қажетті дәрілік препараттармен қамтылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 2019жылдан 2025 жылға дейін тегін дәрі-дәрмекке бөлінетін қаржы көлемі үш еседен астам өсіп, 83 млрд теңгеден 272,9 млрд теңгеге жетті. Ал тегін дәрі алатын пациенттер саны 2,5 млн-нан 3,4 млн адамға дейін артты.

2026 жылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуға 584,1 млрд теңге жоспарланған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,6 пайызға көп.

Сатып алу жүйесін жетілдіру нәтижесінде отандық өндірістегі 66 дәрілік препараттың бағасы төмендетілді. Соның арқасында бюджет қаражаты 10,3 млрд теңгеге үнемделді.

Сонымен қатар дәрілік заттарды тікелей сатып алу ауқымы кеңейіп келеді. 2026 жылы тікелей келісімшарттар арқылы сатып алынатын дәрілер мен медициналық бұйымдардың атауы 404-ке жетті. 2025 жылы бұл көрсеткіш 182 болған.

Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық та артып отыр. Биыл БҰҰДБ, ЮНИСЕФ және туберкулезбен күрес жөніндегі халықаралық тетіктер арқылы 32 атаудағы дәрілік затты сатып алу көзделген. Былтыр олардың саны 23 атауды құраған.

Министрлік қабылданып жатқан шаралар дәрі-дәрмек жеткізілімінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, бюджет қаражатын тиімді пайдалануға және халық үшін тегін емнің қолжетімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті. by @atpress.kz
0
2 days ago
Download
×

Download all media on this page

Photos Videos
back to up