Instagram story viewer> @bil.yesik> Posts
5.3K
followers
65
following
⭐️«Сапалы білім,саналы тәрбие»
🇰🇿 «Жарқын болашақ мекені»
💡Құндылықтарға негізделген мектеп.
📞 +7 (707) 498-34-56
POSTS STORIES REELS TAGGED
Download All
Кітап оқу — білімге бастар жол, ой-өрісті кеңейтудің ең жақсы тәсілдерінің бірі. ✨

Лицейіміздің оқушылары кітап оқуды насихаттап, білім мен рухани құндылықтарды дәріптейтін «Кітап оқитын ұлт» жобасына белсенді қатысуда. 📖

Кітап оқыған ұрпақ — кемел болашақтың кепілі! 🇰🇿 by @bil.yesik
4
19 hours ago
Download
🏆 Лицейіміздің спорттағы жарқын жеңісі!

Шығыс аймақтық шағын футбол турнирінде 9–11-сыныптар арасында 9 команда бақ сынап, лицейіміздің командасы І орынға ие болды!

Жеке номинациялар бойынша:

- Үздік бапкер — Нұрлан Еламан;
- Үздік ойыншы — 11 «Б» сынып оқушысы Абдулазиз Жасұланұлы.

Бұл жеңіс — табандылықтың, командалық рухтың және тынымсыз еңбектің жемісі!

Біздің лицей білім мен ғылымда ғана емес, спортта да биік белестерді бағындырып, өз көшбасшылығын көрсетіп келеді.

Жеңістеріңіз құтты болсын! Алға, лицей! ⚽ by @bil.yesik
28
4 days ago
Download
📚 2026–2027 оқу жылындағы алғашқы педконсилиум

Бүгін лицейімізде жаңа оқу жылындағы алғашқы педконсилиум өтті. Кездесу барысында ата-аналар балаларының сабақтары туралы ақпарат алып, мұғалімдермен пікір алмасты.

Сонымен қатар, мектебіміздің психологы 7-сынып оқушыларының ата-аналарымен арнайы тренинг өткізіп, маңызды тақырыптарды талқылады.

🤝 Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы – бала тәрбиесіндегі маңызды қадам! by @bil.yesik
3
5 days ago
Download
Лицейімізде Диас Жорабековпен @dias.zhorabekov мазмұнды кездесу өтті!

Диас Жорабеков — білім саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар маман, Purdue University және Boston University түлектерінің қатарынан. Қазіргі таңда Visa Travel Consulting Center компаниясының бас директоры.

Кездесу барысында шетелдік жоғары оқу орындарына түсу жолдары, гранттар мен стипендиялар, қажетті емтихандар және дайындық кезеңдері туралы айтылды. Сонымен қатар, қонағымыз өз тәжірибесімен бөлісіп, оқушыларға пайдалы кеңестері мен өмірлік оқиғаларын жеткізді.

Осындай кездесулер оқушылардың білім көкжиегін кеңейтіп, халықаралық мүмкіндіктерге деген қызығушылығын арттырады. 🌍🎓 by @bil.yesik
9
7 days ago
Download
Лицейіміздің түлегі Азамат Скаковпен мазмұнды кездесу өтті.

Қонағымыз оқушылармен сұхбаттасып, олардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар лицейімізді аралап, медиа және робототехника кабинеттерімен танысып, ұстаздарымызбен пікір алмасты.

Оқушылармен ашық сұхбат, жаңа идеялар және пайдалы тәжірибе — бүгінгі кездесудің басты мәні болды.
@azamat__skakov by @bil.yesik
27
9 days ago
Download
ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ — ҰЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚ 🎓
Мұғалімдер күніне орай ЕСІК «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінде ұстаздарға ерекше құрмет көрсетіліп, мерекелік көңіл-күй сыйланды. 🎉
Білім мен тәрбие жолында аянбай еңбек етіп жүрген әр ұстазға алғысымыз шексіз. 🙏
Ұстаз еңбегі — ұрпақ болашағының берік негізі. 🌟 by @bil.yesik
21
9 days ago
Download
ӨЗГЕРІС ӨЗІҢНЕН БАСТАЛАДЫ!

Есік БИЛ лицейінде ерекше қонақпен кездесу өтеді.

Кездесудің қонақ спикері — Азамат Скаков @azamat__skakov «SEN» және «MEN» кітаптарының авторы, Есік БИЛ түлегі.

Кездесу барысында еріншектікті жеңу, тұрақтылықты қалыптастыру, мидың мүмкіндіктері мен шектеулері туралы маңызды тақырыптар қозғалады.

📅 7 қазан
⏰ 14:00
📍 Есік БИЛ, акт залы
👥 10–11 сыныптарға арналған

Өзіңді өзгертуге алғашқы қадамды бүгіннен баста! by @bil.yesik
3
10 days ago
Download
Жаратылыстану бағыт мұғалімдері 🌿

2026-2027 оқу жылындағы жаратылыстану пәндерінің мұғалімдерімен таныс болыңыздар! 👩‍🏫👨‍🏫

Жаңа оқу жылы баршаңызға табысты, жарқын жетістіктер мен толағай табыстарға толы болсын! ✨🎓 by @bil.yesik
38
13 days ago
Download
ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР МҰҒАЛІМДЕРІ

2026–2027 оқу жылындағы гуманитарлық пәндер мұғалімдерімен таныс болыңыздар!

Жаңа оқу жылы баршаңызға табысты, жарқын жетістіктер мен толағай табыстарға толы болсын! by @bil.yesik
31
17 days ago
Download
Жаңа орта. Жаңа достар. Жаңа әсерлер. 🌟

7-сынып оқушыларымен танысып, олардың лицейдегі алғашқы әсерлері мен қызығушылықтары туралы әңгімелестік. Сұхбат барысында 8-сынып оқушымыз да өз тәжірибесімен бөлісіп, мектептегі қызықты сәттері мен өзіне ұнайтын дүниелерін айтып өтті. 🎒

Әр жаңа қадам — өзіңді танып, өзгелерді құрметтеп, бірге дамуға мүмкіндік. 🤝
Бәлкім, бүгінгі жаңа таныстық ертеңгі жақсы достықтың бастамасы болар. ✨ by @bil.yesik
22
23 days ago
Download
🌍 АҒЫЛШЫН ТІЛІ БАҒЫТЫНЫҢ ҰСТАЗДАРЫ
📚 2026–2027 оқу жылы
Сапалы білім, саналы тәрбие by @bil.yesik
68
24 days ago
Download
📚 Қазақ тілі апталығы — ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, ана тілімізге деген құрметті арттыратын ерекше уақыт.

Апта бойы түрлі қызықты іс-шаралар, шығармашылық жұмыстар мен танымдық белсенділіктер ұйымдастырылып, оқушылар өз білімдері мен өнерлерін көрсетеді. 🇰🇿

Тіліміз — ұлттың рухы, елдің айнасы! ❤️
Қазақ тілі апталығы - (21.09-25.09) by @bil.yesik
15
a month ago
Download
×

Download all media on this page

Photos Videos
back to up