Instagram story viewer> @etozhez> Posts
155.3K
followers
262
following
🔝Первый Жезказганский!
⚡️Актуальные новости региона!
↘️Жми на ссылку, присылай фото и видео
POSTS STORIES REELS TAGGED
Эверест тауында @etozhez туы көтерілді

Жыл жобасына ұсынылған және халықаралық конференцияда бас жүлдені жеңіп алған Қарағанды құю зауытының базасында бизнес-процестерді автоматтандыру жобасын енгізу немесе өзінің «А-Бизнес» компаниясында роботтандыру болсын, біздің жерлесіміз Тимур Дурмағамбетов әрдайым еңбекқорлығымен және жұмысқа қабілеттілігімен ерекше көзге түсетін. Қазір оның компаниясы Қазақстандағы бизнес-процестерді автоматтандыру және роботтандыру бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады.

Осылайша, өз ісінде шыңға жетіп, Тимур әлемнің басты тау шыңдарының бірі - Эверестті бағындыруға шешім қабылдады.
«Осы екі жыл ішінде спортпен белсенді түрде айналыстым, тау альпинизмі жайлы кітаптарды көп оқыдым және өз білімімді шыңдадым. Күн өте келе мен мақсатыма біртіндеп жақындаған сайын күшім артып, өзіме сенімді бола бастадым.
Бұл сапарда менің басты мақсатым - Эвересттің базалық лагеріне (5365 м) жету. Жолдың осы бөлігінде өз күшім мен тәжірибемді бағалауды асыға күтемін. Егер бәрі ойдағыдай өтсе мен өз күшіме сеніп, мұның бәрі маған ұнаса, онда келесі сапарымда мен жердегі ең биік таудың шыңын бағындыруды жоспарлап отырмын! «Step by step!» демекші» - деп жазады ол өзінің Instagram парақшасында тауға шығар алдында.

Тау басына шығу 23 сәуірде басталды және оңайға түспеді. Себебі күн сайын Тимур теңіз деңгейінен 3000 м биіктікте орташа есеппен 8 км жүруге мәжбүр болды. Маршруттың соңына дейін олар 500-700 метр биіктік қосты, бұл ағза үшін үлкен жүктеме болып табылады. Міне, 3 мамыр күні Эвересттің негізгі лагерінде Тимур etozhez туын көтеріп, жерлестеріне сәлемін жолдаған бейнені жазды.

Бүгінгі таңда Тимур таулардың энергиясын бойына жинап, ұмытылмас әсер алып Қазақстанға аман-есен оралды.
Ал біз болсақ Тимурға бизнесте де, тау басына шығу да жаңа биіктерді бағындыруды тілейміз.

@timur_dgm taken in Kazakhstan by @etozhez
158
3 years ago
Download
Вышло интервью с акимом города Жезказган Кайратом Шайжановым.

Прошлись по дворам и главным улицам, поговорили о проблемах города и о перспективах развития. 

Посмотреть можно на канале КУХНЯ Podcast (ссылка в сторис и в taplink).

Приятного просмотра! taken in Zhezkazgan by @etozhez
478
3 years ago
Download
Жаңа асфальт екі апта өтпей жатып үгіле бастаған: Сәтбаев тұрғыны түсірген видео

Сәтбаев қаласындағы Садық көшесінің №49 үйі маңындағы жол жөндеу жұмыстарына қатысты қала тұрғыны үш видео түсірген. Кадрларға қарағанда, автордың алаңдауына негіз бар.

📹 27 қыркүйек. Автор жұмысшылардың назарын жаңа төселген асфальттың қалыңдығына аударған. Оның бағалауынша, асфальттың қалыңдығы небәрі 1,5–2 см болған. Ол ойпаң жерлерде су жиналатынын да ескерткен.

📹 2 қазан. Жаңбырдан кейін жолда шалшық пайда болған. Әйелдің айтуынша, жұмысшылар жолдың еңісін түзетудің орнына, шеттеріне топырақ сеуіп кеткен.

📹 15 қазан. Тұрғын осы учаскені тағы да видеоға түсірген. Су жиналатын жерлерде жаңа асфальт үгіліп, шұңқырлар пайда бола бастаған.

Осылайша, алғашқы видео түсірілген күннен бастап жолда ақаулар пайда болғанға дейін екі аптадан сәл астам уақыт өткен.

Әзірге жауапты мекемелерден жауап түскен жоқ. by @etozhez
4
43 minutes ago
Download
«Жамағанның үстіне жамау»: «ҚазАвтоЖол» Арқалық — Жезқазған тасжолына қатысты шағымдарға жауап берді

Әлеуметтік желілерде Жезқазған — Арқалық тасжолының бір бөлігінен түсірілген видео тарады. Жүргізуші жолдың жағдайына наразылық білдірген. Оның айтуынша, асфальт небәрі бірнеше ай бұрын төселгенімен, қазірдің өзінде жолдың кей жерлері жамалған, кей тұстарында асфальт ойылып қалған, ал кейбір учаскелер қиыршық тас пен топыраққа ұласады.

Видео авторы жол таңбаларына да сын айтты. Оның пікірінше, сызықтар тым жіңішке.

Ұлытау облысы бойынша «ҚазАвтоЖол» филиалында республикалық маңызы бар KAZ13 «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» тасжолының 193–208-шақырымдары 2025 жылғы 25 қарашада пайдалануға берілгенін түсіндірді. Кейін ауыр жүк көліктерінің қозғалысына байланысты жолдың жүріс бөлігінде шөгу белгілері анықталған.

Ведомствоның мәліметінше, ақаулар мердігермен және Жол активтері сапасының ұлттық орталығы мамандарымен бірлесіп тексерілген. Мердігерге кемшіліктерді жою туралы талап қойылып, жөндеу жұмыстары жүргізілген. «ҚазАвтоЖолдың» хабарлауынша, қазіргі уақытта барлық ақау жойылған.

Сондай-ақ бұл учаскеге бес жылдық кепілдік бар делінген. Осы мерзім ішінде анықталған ақауларды мердігер өз есебінен жоюға міндетті.

Ал жол таңбаларына қатысты филиал өкілдері олардың техникалық құжаттамаға сәйкес салынғанын мәлімдеді. Ені 10 сантиметр болатын үзік сызық 15 шақырымға және ені дәл тұтас сызық 30 шақырымға салынған. Ведомство жұмыстың қолданыстағы нормативтерге сай орындалғанын атап өтті.

Сіздер бұл тасжолмен соңғы уақытта жүріп көрдіңіздер ме? Қазір жолдың жағдайы қандай? by @etozhez
6
2 hours ago
Download
Жаңаарқаның еті Астанаға жол тартты

Естеріңізде болса, бұған дейін Астанада Ұлытаудың еті сатылатын жәрмеңке өтетінін жазған едік. Міне, ет пен сүт салынған көліктер елордаға жолға шықты!

Жаңаарқадан 17–18 қазанда өтетін «Дала дәмі – ауыл берекесі» жәрмеңкесіне 30 тонна жергілікті өнім жіберілді.

Астанаға жеткізілетін өнімдер:
🥩 20 тонна сиыр еті;
🥩 3 тонна қой еті;
🥩 2 тонна жылқы еті;
🥛 5 тонна сүт өнімі.

Елордаға қоныс аударып, туған жердің етін сағынған жерлестер, жәрмеңкеге назар аударыңыздар! 😋

Мясо из Жанаарки выехало на ярмарку в Астану

Помните, мы писали, что в Астане пройдёт ярмарка с мясом из Ұлытау? Так вот, груз уже в пути.

Из Жанаарки в столицу отправили 30 тонн местной продукции для ярмарки «Дала дәмі – ауыл берекесі», которая пройдёт 17–18 октября.

В Астану везут:
🥩 20 тонн говядины;
🥩 3 тонны баранины;
🥩 2 тонны конины;
🥛 5 тонн молочной продукции.

Так что, земляки, переехавшие в столицу и соскучившиеся по мясу из родного края, присматривайтесь к ярмарке! 😋 by @etozhez
24
3 hours ago
Download
Tesla көлігі ұшуды үйренді. Енді Жезқазғанның жолдары да оған кедергі бола алмай ма? 😂

Tesla-ның жаңа Roadster көлігін көпшілікке таныстырған Илон Маск көліктің таңғажайып мүмкіндіктерін көрсетті: көлік көкке көтеріліп, ауада бәлен рет аунап, жерге мысықша төрт  доңғалаққа қонды. Жүйені әзірлеуге SpaceX инженерлері де қатысқан.

Tesla жай жолдарды менсінбей қалған сияқты. Осыған қарап, біз де ойланып қалдық: осы көлікті Жезқазған көшелеріне тест-драйвқа жіберсек қайтеді? 🤔

Қалай ойлайсыздар, ғарыштық технологиялар жаңа Теслаға Жезқазған жолдарымен жүруге көмектесе ала ма? Әлде Илон Масктың өзі жолшыларды шақыруға мәжбүр бола ма? 😂

Tesla научилась летать. Может, теперь и дороги Жезказгана ей будут нипочём? 😂

На презентации нового Roadster Илон Маск показал, на что способен электрокар: машина взлетела, сделала «бочку» в воздухе и мягко приземлилась на колёса. В разработке системы участвовали инженеры SpaceX.

Похоже, Tesla решила, что по обычным дорогам ездить слишком скучно. И тут мы подумали: а если отправить такую машину на тест-драйв по Жезказгану? 🤔

Как думаете, хватит ли ей космических технологий, чтобы преодолеть наши ямы, или даже Илону Маску придётся вызывать дорожников? by @etozhez
4
3 hours ago
Download
🔥 ЖЕЗКАЗГАН, MEGA ZHEZ СНОВА РАДУЕТ ВАС СКИДКАМИ! 🔥

Только 17 и 18 октября — два дня невероятных скидок в MEGA ZHEZ! 🛍️💥

🧥 Куртки, юбки, штаны и другая одежда — СКИДКИ ДО -50%!

👗 Юбки всего по 1000 тенге!
👖 Штаны — цены начинаются от 2000 тенге!

А ещё у нас НОВЫЙ ЗАВОЗ! 🔥 И на новые поступления тоже действует скидка -15%!

Кента, самое время обновить гардероб и забрать любимые вещи по выгодным ценам! 💸😍

⏰ Всего два дня — 17 и 18 октября! Не упустите возможность сэкономить, потому что такие цены долго ждать не будут!

📍 Жезказган, улица Алашахана, 8 — MEGA ZHEZ!

Отмечайте подруг, отправляйте это видео близким и приходите за покупками вместе! ❤️‍🔥

MEGA ZHEZ — СТИЛЬНО ОДЕВАЕМСЯ, МЕНЬШЕ ТРАТИМ! 🔥

@mega_zhez by @etozhez
1
4 hours ago
Download
Ұлытау облысының төрт студенті Қазақстанның үздік 100 колледж студентінің қатарына енді

Жезқазғандық төрт студент «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» республикалық байқауының жеңімпазы атанды.

Үздіктер қатарына енген студенттер:

🏆 Алтынбай Мирас — Жезқазған бизнес және көлік колледжінің 2-курс студенті.

🏆 Серікова Жаухар — Жезқазған гуманитарлық колледжінің 3-курс студенті.

🏆 Құдайберген Нұрайым — Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінің 2-курс студенті.

🏆 Қуандық Алихан — Жезқазған жоғары политехникалық колледжінің 1-курс студенті.

Байқаудың мақсаты — дарынды жастарды қолдау, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және оқуда әрі кәсіби шеберлікте жоғары нәтижелерге қол жеткізген студенттерді ынталандыру.

Жеңімпаздарды және олардың тәлімгерлерін құттықтаймыз! 👏 by @etozhez
31
5 hours ago
Download
Жезқазғанның Батыс тұрғын ауданында газ жүргізу жұмыстары басталды

Жезқазғанның Батыс тұрғын ауданында газ тарту жұмыстары басталды. Бұл мәселені жергілікті тұрғындар бұған дейін билік өкілдерімен кездесуде көтерген болатын.

Жезқазған қаласының әкімі Мұрат Бөрібаев газ құбыры тартылып жатқан көшеге барып, мердігер өкілдерімен және «QazaqGaz Aimaq» АҚ өкілімен жұмыс барысын талқылады.

Қазір мердігер жұмысқа кіріскен. Тұрғындар да газға қосылуға дайындалып, қажетті техникалық шарттарды алу үшін өтінім беріп жатыр.

В Западном районе Жезказгана начали проводить газ

В Западном районе Жезказгана стартовали работы по газификации. Этот вопрос ранее поднимали местные жители на встрече с представителями власти.

Аким Жезказгана Мұрат Бөрібаев посетил улицу, где прокладывают газ, и обсудил ход работ с представителями подрядной организации и АО «QazaqGaz Aimaq».

Сейчас подрядчик приступил к работам. Жители также начали готовиться к подключению домов и подают заявки на получение необходимых технических условий. by @etozhez
2
7 hours ago
Download
Жезқазғанда Ұлытау облысының қолөнершілерінің көрме-жәрмеңкесі өтеді

«Қолөнер – мәдениетіміздің алтын қазынасы» демекші, 21–23 қазан аралығында Жезқазғанда Республика күніне орай Ұлытау облысы қолөнершілерінің көрме-жәрмеңкесі өтеді.

Бағдарламада:

👗 жергілікті дизайнерлердің сән көрсетілімі;
🎸 Jezz acoustic band тобының концерті.

📅 Күні мен уақыты: 21–23 қазан, сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін.
📍 Өтетін орны: Көрме залы, Ғарышкерлер көшесі, 26.

Ремесленники области Ұлытау устроят выставку-ярмарку в Жезказгане

С 21 по 23 октября в Жезказгане пройдёт выставка-ярмарка ремесленников области Ұлытау, приуроченная ко Дню Республики.

Гостей ждут не только изделия местных мастеров, но и творческая программа:

👗 показ мод от местных дизайнеров;
🎸 концерт группы Jezz acoustic band.

📅 Когда: 21–23 октября, с 10:00 до 19:00
📍 Где: выставочный зал, ул. Космонавтов, 26. by @etozhez
0
8 hours ago
Download
Жезқазғанда Бейбітшілік даңғылындағы пәтерден өрт шықты: тұрғындар дер кезінде сыртқа шығып үлгерді

Жезқазғанда Бейбітшілік (Мира) даңғылындағы төрт қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында орналасқан пәтерден өрт шықты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, пәтердегі диван мен пластик терезе жақтауы жанған. Өрт 5 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін тұрғындар ғимараттан өз беттерімен шығып үлгерген.

Құтқарушылар өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр

В Жезказгане загорелась квартира на Мира: жильцы успели выйти

Жезказгане загорелась квартира на втором этаже четырёхэтажного дома на проспекте Мира (Бейбітшілік).

По информации МЧС, огонь охватил диван и пластиковый оконный блок. Площадь пожара составила 5 квадратных метров.

Жильцы самостоятельно покинули здание ещё до прибытия пожарных. Спасатели потушили огонь, пострадавших нет.

Причину возгорания устанавливают. by @etozhez
10
9 hours ago
Download
Елімізде ҰБТ форматы өзгермек: дағдыларды бағалайтын тест пайда болады

Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол мектеп бағдарламасындағы біліммен қатар, сыни ойлау, цифрлық сауат және басқа да дағдыларды бағалайға бағытталады.

Admission Insight Test (AIT) деп аталатын жобаны Ұлттық тестілеу орталығы ETS халықаралық ұйымымен бірлесіп дайындап жатыр. Жұмыс 2026 жылғы ақпанда басталған, ал жобаны 2030 жылға дейін аяқтау жоспарланған.

Жаңа емтихан екі бөліктен тұрады:

Пәндік тесттер - бейіндік 14 пән бойынша өткізіледі. Тапсырмаларда ақпаратты жай жаттап алуға емес, оны түсінуге басымдық беріледі.

Дағдыларды бағалау тестісі - сыни ойлау, академиялық жазу, зерттеу және коммуникациялық дағдылар, жасанды интеллект саласындағы сауат, цифрлық және сандық сауат бағаланады. Сонымен қатар тапсырушының креативті ойлау қабілетін де тексеру жоспарланып отыр.

Бұл ретте мектеп бағдарламасындағы білім емтиханның негізгі бөлігі болып қала береді, ал қосымша дағдыларды бағалау оны толықтырады.

Жаңа форматтағы тестілеуді алғаш рет 2027 жылдың көктемінде пилоттық режимде өткізу жоспарланған. Әзірге бұл - жоба, оның құрылымы әлі де нақтыланады. by @etozhez
7
9 hours ago
Download

Download All

Save the photos and videos currently loaded on this page.

0Photos
0Videos
Ready to download 0 / 0

Keep this tab open until your download is ready.

back to up