Instagram story viewer> @marat_tilek_> Posts
111
followers
139
following
Канал🎸❤️
POSTS STORIES REELS TAGGED
Достық жыйлы - мынау менің білгенім,
Достық деген-сырға толы түндерім!
Аңқылдаған жаны жомарт сыр сандық
Бір толқында тербелетін үндерім.

Достық деген- шындығыңның айнасы,
Дос бар жерде, болмас қулық айласы.
Достық бекет, достың адал арымен
Достық мейір, достық сырмен жайнашы.

Арманыңа қанат қағар тұстарда,
Достық ақыл, керек бағыт ұстауға.
Адам тұрмақ, құрмет тұтқан достықты,
Жан-жануар, тіпті аң да, құстарда.

Достық қымбат, бағасын біл досыңның,
Доссыз тұман, доссыз қараң қосын күн.
Достарыңның барлық сырын бөлісіп,
Достық жырға жүру керек қосып үн.

Мұң қамаған, түнек сәттер легінде,
Достық ақыл үлкен демеу тегінде.
Достарыңның халін сұрап біліп тұр
Досқа уақыт, бөлуге еш ерінбе...

Достық туы желбіресін сән құрып,
Сырдан өрнек, сала берсін сәнді ғып.
Достық адал үміттер мен тілекті
Дақ түсірмей, сақтайықшы мәңгілік!!!❤️🫂 by @marat_tilek_
44
3 days ago
Download
Аналарымызға жіберіп, бір қуантып қояйық❤️ #анашымай #гитара #төреғалитөреәлі by @marat_tilek_
38
21 days ago
Download
𝐔𝐦𝐲𝐭𝐲𝐥𝐦𝐚𝐬 𝐤𝐮𝐧💔 by @marat_tilek_
5
25 days ago
Download
𝑹𝒊𝒏𝒂𝒕 𝑮𝒂𝒊𝒔𝒊𝒏 — 𝑺𝒖𝒚𝒆𝒎𝒊𝒏 🎶🤍 
Гитарист🎸: @erbolu11yy_ by @marat_tilek_
7
a month ago
Download
Осы жетістігіме жетуіме себепші болған барша ұстаздарыма мың алғыс! Екі жыл бойы әрқайсыңыздың берген біліміңіз, ақылыңыз, қолдауыңыз бен сеніміңіз мен үшін үлкен күш болды. Қиналған сәттерімде жігер беріп, білмегенімді үйретіп, әр қадамымда бағыт-бағдар көрсеткендеріңіз үшін шын жүрегімнен рақмет айтамын.

Бүгінгі «ГРАНТ» деген бір ауыз сөздің артында сіздердің де еңбектеріңіз бар. 🥹
Бұл жеңіс — менің ғана емес, мені әрдайым қолдаған ата-анамның, отбасының және білім берген ұстаздарымның да жеңісі.

Осы жолда маған сеніп, әр қадамымда жанымнан табылған ата-анама ерекше алғысым шексіз. Бар ауыртпалығымды бірге көтеріп, қуанышымды менен де артық көргендеріңіз үшін рақмет.❤️🥹

Баршаңызға алғысым шексіз! Еңбектеріңіздің қайтарымы болып, шәкірттеріңіздің осындай қуанышын әлі талай көре беріңіздер! 🎓
Жақсылықтарыңыз бен берген білімдеріңіз ешқашан ұмытылмайды.❤️🙏 by @marat_tilek_
200
2 months ago
Download
×

Download all media on this page

Photos Videos
back to up