«Өнерлі шаһар» жобасы аясындағы «Алға бас» атты муралын салу жұмыстары аяқталды.
Туындының атауы оның негізгі идеясын айқындап тұр. Салт аттының алдында — кең дала, арайлап атқан таң, алда жатқан жол. Бұл — алға ұмтылыстың, жаңарудың, жаңа белестерге бастаған қозғалыстың көрінісі. Ал осы қозғалыстың арқауында Ұлы дала тарихы, ұлттық болмыс пен тамыр сабақтастығы жатыр.
Композицияда Мемлекеттік Туымызбен үндес бейнелер де көрініс тапқан: көк аспан, күн сәулесі мен қалықтаған қыран. Бұл нышандар туындының мазмұнын тереңдетіп, еркіндік пен биік мұрат идеясын айшықтай түседі.
«Алға бас» муралының әкімшілік ғимаратында орналасуының да өзіндік мәні бар. Алға ұмтылу, даму, жаңару, бірақ өз тамырыңнан ажырамау, осы туындының түйіні де осында.
🔹️🔹️🔹️
Завершена работа над муралом под названием "Алға бас" проекта «Өнерлі шаһар».
В этом мурале название говорит само за себя. Перед всадником — открытый простор и новый день. В основе — история Великой степи, культура и корни, которые остаются с нами, сколько бы времени ни прошло.
В композицию органично вписаны и элементы Государственного флага — голубое небо, солнце и парящий беркут. Они здесь не просто фон, а часть общего смысла работы.
Символично, что «Алға бас» появился именно на административном здании. Двигаться вперёд, развиваться, меняться, но при этом помнить, откуда мы идём.
В этом, наверное, и есть главный смысл этой работы.
#ЕркеЕртістіңЖағасында