Instagram story viewer> @_k_askhat> Posts
246
followers
196
following
Жүректен шыққан – жүрекке жетеді 🇰🇿
POSTS STORIES REELS TAGGED
Кездейсоқтықтан биіктеу...✌️ taken in Казахстан, Павлодар by @_k_askhat
2
2 years ago
Download
«Қала тынысы» атты жаңа мурал Павлодардың басты нышандарының біріне айналған трамвайға арналған.

Бала кезімнен трамвай дөңгелектерінің тарсылы, таныс қоңырау үні мен үйреншікті бағыттары мен үшін туған қаламның ажырамас бөлігіне айналған. Меніңше, мыңдаған қала тұрғындардың да трамваймен байланысты өз естеліктері бар. Бүгінде Ертіс жағасындағы қаланы трамвайсыз елестету қиын.

Композицияда трамвайдың екі буыны бейнеленген. Ескі вагон артта қалып, заманауи трамвай алға қарай ұмтылып келеді. Бұл — өткен мен бүгіннің сабақтастығы мен қаланың дамуының көрінісі.

Бала кезден таныс қала нышанын енді Қамзин көшесіндегі 364-үйдің қасбетінен көрудің өзі ерекше әсер қалдырады.

🔹️🔹️🔹️

Новый мурал «Пульс города» посвящён одному из самых узнаваемых символов Павлодара — трамваю.

Для меня с детства знакомый стук колёс, звон трамвая и привычные маршруты — неотъемлемая часть жизни родного города. Думаю, такие же воспоминания связывают с трамваем тысячи горожан. Сегодня город на Иртыше уже трудно представить без него.

В центре композиции — два поколения трамваев. Старый вагон остаётся позади, а современный движется вперёд, символизируя связь времён и развитие города.

И теперь особенно приятно видеть этот знакомый с детства символ на одном из городских фасадов по улице Камзина, 364. taken in Казахстан, Павлодар by @_k_askhat
11
6 days ago
Download
Малайсары батырға арналған «Батырлар жыры» атты муралы батырдың есімі берілген көшедегі №37 тұрғын үйдің қасбетіне салынды.

Композицияның ортасында ат үстінде, қолына бүркіт қондырған Малайсары батыр бейнеленген. Оның келбетінен туған жерін қорғауға өмірін арнаған ердің батылдығы, тектілігі мен өр мінезі аңғарылады.

Туындыда бүркіт бейнесіне ерекше мән берілген. Ол — еркіндіктің, қайсар рухтың және қазақ даласының кең байтақ кеңістігінің нышаны.

Батырдың белінде қынабына салынған қылыш бар. Бұл деталь туған жері мен халқын қажет кезде қорғауға дайын батырдың бейнесін толықтыра түседі.

🔹️🔹️🔹️

Мурал под названием «Батырлар жыры», посвящённый Малайсары батыру, появился на фасаде жилого дома №37 по улице, носящей его имя.

В центре композиции — Малайсары батыр верхом на коне, с беркутом на руке. В его образе переданы мужество, благородство и достоинство человека, посвятившего свою жизнь защите родной земли.

Особое место в композиции занимает беркут, символизирующий свободу, силу духа и бескрайние просторы казахской степи.

На поясе батыра — меч в ножнах. Эта деталь также имеет символическое значение: батыр изображён в мирное время, сохраняя при этом образ защитника, готового при необходимости встать на защиту родной земли и своего народа. taken in Казахстан, Павлодар by @_k_askhat
14
8 days ago
Download
Бүгін Ertis Promenade-тың тағы бір жарқын маусымы аяқталып, Ертіс жағасындағы ұмытылмас кештердің жылуы жүрегімізде сақталады. 
🔹️
Сегодня завершается ещё один яркий сезон Ertis Promenade, оставляя в памяти тепло незабываемых вечеров и особой атмосферы на берегу Иртыша.

🎶@rsati13 taken in Казахстан, Павлодар by @_k_askhat
24
9 days ago
Download
🎨«ERTIS Creative» жобасы аясында өткен «Күзгі Ертіс бояулары» пленэрінің қорытындысы шығарылды

Павлодарлық суретшілердің басын қосқан «Күзгі Ертіс бояулары» қалалық пленэрі өз мәресіне жетті.

Пленэрге қатысқан барлық суретші қала әкімі Х. Хабылбеков атынан ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Үздік туындыларды анықтау оңай болған жоқ. Әр жұмыстың өзіндік ерекшелігі, бояуы мен көңіл күйі бар. Қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған жұмыстардың авторлары I, II және III орындарға ие болып, арнайы ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Пленэрге қатысып, күзгі Ертістің жағасында қала көркін қылқалам арқылы өзінше бейнелеген барша суретшіге алғыс айтамыз!

Шығармашылықтарыңызға шабыт, жаңа идеялар мен толағай табыс тілейміз!

🔹️🔹️🔹️

🎨Подведены итоги пленэра «Күзгі Ертіс бояулары», проведённого в рамках проекта «ERTIS Creative».

Завершился городской пленэр «Күзгі Ертіс бояулары», объединивший павлодарских художников и подаривший нам новые работы, посвящённые осеннему Павлодару.

Все участники пленэра от имени акима города Х. Хабылбекова были отмечены денежными сертификатами.

Выбрать лучшие работы было непросто — каждая из них получилась интересной, самобытной и со своим н� taken in Казахстан, Павлодар by @_k_askhat
9
20 days ago
Download
«Өнерлі шаһар» жобасы аясындағы «Алға бас» атты муралын салу жұмыстары аяқталды.

Туындының атауы оның негізгі идеясын айқындап тұр. Салт аттының алдында — кең дала, арайлап атқан таң, алда жатқан жол. Бұл — алға ұмтылыстың, жаңарудың, жаңа белестерге бастаған қозғалыстың көрінісі. Ал осы қозғалыстың арқауында Ұлы дала тарихы, ұлттық болмыс пен тамыр сабақтастығы жатыр.

Композицияда Мемлекеттік Туымызбен үндес бейнелер де көрініс тапқан: көк аспан, күн сәулесі мен қалықтаған қыран. Бұл нышандар туындының мазмұнын тереңдетіп, еркіндік пен биік мұрат идеясын айшықтай түседі.

«Алға бас» муралының әкімшілік ғимаратында орналасуының да өзіндік мәні бар. Алға ұмтылу, даму, жаңару, бірақ өз тамырыңнан ажырамау, осы туындының түйіні де осында.

🔹️🔹️🔹️

Завершена  работа над муралом под названием "Алға бас" проекта «Өнерлі шаһар».

В этом мурале название говорит само за себя. Перед всадником — открытый простор и новый день. В основе — история Великой степи, культура и корни, которые остаются с нами, сколько бы времени ни прошло.

В композицию органично вписаны и элементы Государственного флага — голубое небо, солнце и парящий беркут. Они здесь не просто фон, а часть общего смысла работы.

Символично, что «Алға бас» появился именно на административном здании. Двигаться вперёд, развиваться, меняться, но при этом помнить, откуда мы идём.
В этом, наверное, и есть главный смысл этой работы.

#ЕркеЕртістіңЖағасында taken in Казахстан, Павлодар by @_k_askhat
15
a month ago
Download
Осы шақ…

Кеше пленэрде күн ғана емес, көңіл күй де жылы болды. Шығармашылықтың ерекшелігі де осында шығар — жанға жылу сыйлап, айналаңдағы әдемілікті байқауға, дәл осы сәтпен өмір сүріп, қарапайым дүниелерден қуаныш табуға үйретеді.

Ал мына сары мысық қайдан келгені белгісіз, кенептердің жанына жайғасып алып, күтпеген жерден пленэрдің бір бөлігіне айналды 😁

🔹️🔹️🔹️

Вчера на пленэре тёплой была не только погода, но и атмосфера. Наверное, в этом и есть особенность творчества — оно согревает, учит замечать то, что вокруг, жить здесь и сейчас и радоваться простым моментам.

А этот рыжий кот пришёл откуда-то сам, устроился рядом с холстами и неожиданно стал частью пленэра 😁 taken in Казахстан, Павлодар by @_k_askhat
0
a month ago
Download
Бүгін ERTIS Creative жобасы аясында облыс орталығында облыстық Суретшілер одағы мүшелерінің "Күзгі Ертіс бояулары" атты пленэрі өтті.

Жоба Павлодар қаласы әкімінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Оның негізгі бағыттарының бірі – шығармашылық ортаны қолдау және суретшілердің жаңа туындылар жасауына мүмкіндік беру.

Өңірімізде әр буын өкілдерін біріктірген өзіндік көркемсурет мектебі қалыптасқан. Қылқалам шеберлерінің туындыларында туған өлкенің тарихы, табиғаты мен тыныс-тіршілігі кеңінен көрініс табады.

Бүгін суретшілерге қаланың өзі шабыт сыйлады. Ертіс жағалауы, өзен көрінісі, таныс көшелер мен қала келбетін әр суретші өзінше көріп, өз қолтаңбасымен бейнеледі.

Енді осы әсерлер жаңа туындылардан көрініс табады.

@asaiyn.baikhan
@khassarkhabylbekov

#ЕркеЕртістіңЖағасында taken in Казахстан, Павлодар by @_k_askhat
28
a month ago
Download
««Сонар» — «Өнерлі шаһар» жобасы аясында салынатын 20 муралдың алғашқысы. Бүгін оны салу жұмыстары аяқталды.
Муралға белгілі Ертіс-Баян өңірінің суретші Ғалым Қаржасовтың «Сонар» атты картинасы негіз болды.

Салт атты, ат, тазы, бүркіт пен кең дала дәстүрлі тұрмыс пен адамның табиғатпен үйлесімін біртұтас бейнеде жеткізеді.

Сонар — алғашқы қар түскен кезде, аңның ізі анық көрінетін уақытта жасалатын дәстүрлі аңшылық. Картинаға да осы көрініс арқау болған. 

Мурал Усолка шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінің қаптал қабырғасына көшірілді.
Жоба аясында барлығы 20 мурал қаланың әртүрлі шағын аудандарында пайда болады. Олардың тақырыбы мен көркемдік шешімі де әртүрлі.

🔹️🔹️🔹️

«Сонар» — первый из 20 муралов проекта «Өнерлі шаһар». Сегодня работа над ним завершена.
В основу мурала легла картина известного  художника Прииртышья Галыма Каржасова, которая так и называется — «Сонар».

Всадник, конь, тазы, беркут и степь складываются в единый образ, передающий традиционный уклад жизни и гармонию человека с природой.

Сонар — традиционная охота по первому снегу, когда на свежем снежном покрове хорошо различимы следы зверя. Этот мотив и лёг в основу картины. 

Мурал воспроизведен на торце жилого дома в Усольском микрорайоне.
Всего в рамках проекта 20 муралов появятся в разных микрорайонах города. Темы и художественные решения будут разными.

#ЕркеЕртістіңЖағасында taken in Казахстан, Павлодар by @_k_askhat
17
a month ago
Download
Былтыр Павлодарда «Өнерлі шаһар» жобасы жүзеге асырылып, оның бір бағыты муралдар салуға арналды. Солардың бірі көрнекті жерлесіміз Қаныш Сәтбаевқа арналып, бүгінде қала кеңістігінің бір бөлігіне айналды.

Жоба жақсы пікірлерге ие болып, биыл облыс және қала басшылығының қолдауымен бұл жұмыс ауқымды түрде жалғасын тапты. Қалада 20 жаңа мурал салу жұмыстары басталды.

Жұмыс жүріп жатыр. Жақын арада қаламыз жаңа бейнелермен, жаңа бояулармен және жаңа мағыналармен толыға түседі. 

🔹️🔹️🔹️

В прошлом году в Павлодаре был реализован проект «Өнерлі шаһар», одним из направлений которого стало создание муралов. Один из них, посвящённый нашему выдающемуся земляку Канышу Сатпаеву, уже стал частью городского пространства.

Проект получил хорошие отклики, и в этом году при поддержке руководства области и города эта работа получила продолжение уже в более широком масштабе — началась реализация 20 новых муралов.

Работы уже идут. Совсем скоро в городе появятся новые образы, новые краски и новые смыслы. taken in Казахстан, Павлодар by @_k_askhat
7
a month ago
Download
🇰🇿Ертіс бойындағы мизам шуақ... taken in Казахстан, Павлодар by @_k_askhat
6
a month ago
Download
Ертіс арқылы өтетін жаңа көпір.Қадам-қадаммен, тірек-тірегімен — бір кезде алыста көрінген дүние біртіндеп шындыққа айналады.

Новый мост через Иртыш. Шаг за шагом, опора за опорой — и то, что когда-то казалось далёким, постепенно становится реальностью. taken in Казахстан, Павлодар by @_k_askhat
1
a month ago
Download

Download All

Save the photos and videos currently loaded on this page.

0Photos
0Videos
Ready to download 0 / 0

Keep this tab open until your download is ready.

back to up