Instagram story viewer> @_k_askhat> Tagged
246
followers
196
following
Жүректен шыққан – жүрекке жетеді 🇰🇿
POSTS STORIES REELS TAGGED
🎨 «Жүрек үндестігі» атты муралын салу жұмыстары аяқталды!

«Өнерлі шаһар» жобасы аясында қаладағы тағы бір ғимараттың қасбетін «Жүрек үндестігі» атты жаңа мурал көріктендірді.

Композицияның ортасында бір-біріне жақындап, бастарын нәзік түйістірген қос тұлпар бейнеленген. Олардың қимылынан ерекше жылылық, өзара сенім мен үндестік сезіледі.

Қазақ халқы үшін жылқының орны қашанда бөлек. Ол – еркіндіктің, тектілік пен қайсар рухтың нышаны. Ал бұл туындыда тұлпарлар арқылы осы асыл қасиеттермен қатар мейірім, сүйіспеншілік пен жүрек жақындығы да көрініс тапқан.

Мурал бізге шынайы сезімнің кейде сөзді қажет етпейтінін, ал жақындық пен үйлесімнің негізінде сенім мен жылулық жатқанын еске салады.

«Жүрек үндестігі» – нәзіктік пен жарасымның, бір-бірін үнсіз түсінудің көркем бейнесі.

Муралды Алматы қаласынан келген суретшілер салды.

🔹️🔹️🔹️

🎨 Завершена работа над муралом «Жүрек үндестігі»!

В рамках проекта «Өнерлі шаһар» ещё один фасад города украсил новый мурал под названием «Жүрек үндестігі».

В центре композиции — две лошади, нежно склонившие головы друг к другу. В этом трогательном образе художники передали особую теплоту, доверие и гармонию.

Для казахского народа лошадь всегда занимала особое место. Она символизирует свободу, благородство и силу духа. Но в этой работе через образы лошадей раскрываются и другие, не менее важные чувства — нежность, любовь и душевная близость.

Мурал напоминает о том, что искренние чувства порой не нуждаются в словах, а настоящая близость рождается из доверия, заботы и умения чувствовать друг друга.

«Жүрек үндестігі» — художественное воплощение нежности, гармонии и безмолвного взаимопонимания.

Над созданием мурала работали художники из Алматы.

@asaiyn.baikhan @khassarkhabylbekov
13
🎨 Павлодарда «Қыз Жібек» муралын салу жұмыстары аяқталды!

«Өнерлі шаһар» жобасы аясында қаладағы тағы бір ғимараттың қасбетін қазақтың лиро-эпостық жырының басты кейіпкері, сұлулықтың, махаббат пен адалдықтың символы – Қыз Жібектің бейнесі көріктендірді.

Муралда Қыз Жібектің образы кең-байтақ қазақ даласында, құлпырған қызғалдақтардың арасында би билеп тұрғандай әсерлі әрі қимылға толы бейнеде суреттелген.

Композицияның ерекше бөлшегі – қазақтың көрнекті суретшісі Гүлфайрус Ысмайылова «Қыз Жібек» фильмінің түсірілімі үшін арнайы жасаған әйгілі қамзол. Бұл туынды ұлттық мәдени мұра мен қазақ кинематографиясының тарихын өзара сабақтастырады.

Осылайша, заманауи көше өнері арқылы бірнеше ұрпаққа таныс ұлттық бейнелер қала кеңістігінде жаңаша көрініс табуда.

Муралды Астана қаласынан келген Art Game шығармашылық командасы салды.

🔹️🔹️🔹️

🎨 В Павлодаре завершена работа над муралом «Қыз Жібек»!

В рамках проекта «Өнерлі шаһар» ещё один фасад  города украсил образ легендарной Қыз Жібек — героини казахского лиро-эпоса, ставшей символом красоты, любви и верности.

На мурале образ Қыз Жібек изображен в динамичном, словно танцующем образе среди цветущих тюльпанов на фоне бескрайней казахской степи.

Особая деталь композиции — знаменитый камзол, созданный выдающейся казахской художницей Гульфайрус Исмаиловой специально для съёмок культового фильма «Қыз Жібек». Этот узнаваемый элемент костюма объединяет национальные традиции и наследие казахского кинематографа.

Так, благодаря современному уличному искусству, знакомые многим поколениям образы национальной культуры обретают новое воплощение в городском пространстве.

Над созданием мурала работала творческая команда Art Game из Астаны.

@asaiyn.baikhan @khassarkhabylbekov 

#ЕркеЕртістіңЖағасында
18
«Өнерлі шаһар» жобасы аясындағы төртінші мурал аяқталды!

«Қала тынысы» атты жаңа мурал Павлодардың басты нышандарының біріне айналған трамвайға арналған. Бүгінде трамвайсыз қала тұрғындарының күнделікті өмірін елестету қиын.

Композицияда трамвайдың екі буыны бейнеленген. Ескі үлгідегі вагон артта қалып, заманауи трамвай алға қарай ұмтылып келеді. Бұл көрініс өткен мен бүгіннің сабақтастығын, қаланың дамуын бейнелейді.

Артқы көріністегі зауыт мұржалары да кездейсоқ таңдалмаған. Павлодар – еліміздің индустриялық жүрегі. Қаладағы трамвай желісінің тарихы өнеркәсіптің дамуымен және жұмысшыларды өндіріс орындарына жеткізу қажеттілігімен тығыз байланысты.

Трамвай жолдары қаланың әр ауданын жалғаған күретамыр іспетті. Ал дөңгелектердің үйреншікті тарсылы қала тіршілігінің өзіндік ырғағын қалыптастырады. Трамвай дөңгелектерінің әрбір тарсылы — қала тамырының соғысы.

Муралдың орналасқан жері де кездейсоқ емес. Туынды Қамзин көшесі, 364 мекенжайында, алдағы уақытта жаңа трамвай желісін салу жоспарланған Дачный және Достық шағынаудандары маңында орналасқан.

Муралды Орал қаласынан келген суретші Самат салды.

🔹️🔹️🔹️

🎨Завершена четвёртая работа проекта «Өнерлі шаһар»!

Новый мурал под названием «Пульс города» посвящён одному из самых узнаваемых символов Павлодара — трамваю, без которого уже трудно представить повседневную жизнь горожан.

В центре композиции — два поколения трамваев. Старый вагон остаётся позади, а современный словно вырывается вперёд, символизируя связь времён и развитие города.

На заднем плане изображены заводские трубы. И это не случайно. Павлодар — индустриальное сердце страны, а история его трамвайной сети тесно связана с развитием промышленности и необходимостью доставлять работников на предприятия.

Трамвайные линии, словно артерии, соединяют районы города, а привычный стук колёс задаёт его особый ритм. Каждый стук трамвайных колёс — это пульс города.

Символично и место размещения мурала — улица Камзина, 364, в районе микрорайонов Дачный и Достык, где планируется строительство новой трамвайной линии.

Мурал выполнил художник Самат из Уральска»

@asaiyn.baikhan @khassarkhabylbekov
40
🎨 «Өнерлі шаһар» жобасы аясында үшінші муралды салу жұмыстары аяқталды. «Батырлар жыры» атты жаңа туынды қазақ халқының көрнекті тарихи тұлғаларының бірі Малайсары батырға арналған.

Мурал Малайсары батыр көшесіндегі №37 тұрғын үйдің қасбетіне салынды.

Малайсары батыр — қазақтың әйгілі қолбасшысы, мәмілегер әрі Абылай ханның жақын серіктерінің бірі. Ол жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте, қазақ жерін қорғауда, сондай-ақ Қазақ хандығы мен Жоңғария арасындағы дипломатиялық қатынастарда маңызды рөл атқарған.

Композицияның ортасында ат үстінде, қолына бүркіт қондырған Малайсары батыр бейнеленген. Көркем туындыда бүркітке ерекше мән берілген. Ол — еркіндіктің, тәуелсіздік пен қайсар рухтың нышаны. Осы бейне арқылы суретшілер туған жерін қорғап, халқының азаттығы үшін күрескен батырдың ерлігі мен қайсарлығын жеткізуді мақсат еткен.

Муралды Қазақстанның екі қаласынан келген суретшілер — қарағандылық Александр мен қостанайлық Никита бірлесіп салды.

«Өнерлі шаһар» жобасы аясындағы жұмыстар жалғасуда. Биыл Павлодардағы ғимараттардың қасбеттеріне тарихымызды, мәдениетімізді, ұлттық құндылықтарымызды және қаламыздың өзіндік келбетін бейнелейтін түрлі тақырыптағы 20 мурал салу жоспарланған.

@asaiyn.baikhan @khassarkhabylbekov 

#ЕркеЕртістіңЖағасында
47
«Өнерлі шаһар» жобасы Қазақстанның әр өңірінен келген суретшілерді Павлодарда тоғыстыруда. Жайық жағасынан Ертіс жағасына келген оралдық муралист-суретші қалада екі мурал салады.

Алғашқы жұмыс Павлодардың танымал бейнелерінің бірі — қалалық трамвайға арналған. Трамвай — қоғамдық көлік қана емес, қала тарихы мен күнделікті өмірінің бір бөлігі.

Суретші жұмысқа кірісіп кетті. Павлодарлықтарға жақсы таныс бейнені ол өзіндік қолтаңбасымен, заманауи көше өнерінің тілімен жеткізбек.

Бүгінде «Өнерлі шаһар» біртіндеп көше өнері фестивалінің форматына ұласып келеді. Қаланың әр бөлігінде Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген суретшілер қатар жұмыс істеуде. Әрқайсысының өзіндік стилі мен шығармашылық көзқарасы бар.
Жұмыстар жалғасуда.

🔹️🔹️🔹️

В рамках проекта «Өнерлі шаһар» в Павлодаре продолжают работу художники из разных регионов Казахстана. С берегов Жайыка в город на Иртыше приехал художник-муралист из Уральска, которому предстоит создать в городе две работы.

Первый мурал посвящён одному из узнаваемых образов Павлодара — городскому трамваю. Это не только общественный транспорт, но и часть истории и повседневной жизни города.

Художник уже приступил к работе и представит знакомый павлодарцам образ в своём авторском стиле, используя современный язык уличного искусства.

Сегодня «Өнерлі шаһар» постепенно приобретает формат фестиваля уличного искусства. В разных частях Павлодара одновременно работают художники из разных городов Казахстана — каждый со своим стилем, техникой и творческим взглядом.
Работа продолжается. 

@asaiyn.baikhan @khassarkhabylbekov 

#ЕркеЕртістіңЖағасында
25
back to up