Posted On: October 13th 2026, 09:07 am
Қазан айының 7–9 күндері мектебімізде «Ата-ана мен ұстаз – бетпе-бет» форматында педагогикалық консилиум өткізілді. Кездесудің негізгі мақсаты – ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту, оқушылардың оқу үлгерімі мен білім сапасын талқылау, оқу барысында кездесетін қиындықтарды бірлесе шешу. Консилиум барысында пән мұғалімдері ата-аналармен жеке кездесіп, оқушылардың оқу жетістіктері, жеке ерекшеліктері мен білім алудағы қажеттіліктері жөнінде пікір алмасты. Кездесу қорытындысында оқушының жан-жақты дамуы мен табысты білім алуына жағдай жасау үшін мектеп пен ата-ананың өзара түсіністігі мен бірлескен әрекетінің маңыздылығы атап өтілді.