Instagram story viewer> @bil.oral> Posts
8.6K
followers
58
following
“Сапалы білім, саналы тәрбие”
📍Жасдәурен 3-45
📱+7 706 430 10 46
POSTS STORIES REELS TAGGED
2026-2027 оқу жылының әкімшілігі! taken in Орал "Білім-Инновация" Лицейі by @bil.oral
62
a month ago
Download
2026-2027 оқу жылының ұстаздары!✨ taken in Орал "Білім-Инновация" Лицейі by @bil.oral
22
a month ago
Download
2026-2027 оқу жылының ұстаздары!✨ taken in Орал "Білім-Инновация" Лицейі by @bil.oral
91
a month ago
Download
🎓 БОЛАШАҚҚА БАҒЫТ: УНИВЕРСИТЕТКЕ ТҮСУДІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ

📚 Орал «Білім-инновация» лицейінің 9–10 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған ақпараттық семинар өтті!

Кездесу барысында лицейіміздің College Counselor (профориентатор) маманы ата-аналарға Қазақстандағы және шетелдегі жоғары оқу орындарына түсу жолдары туралы маңызды ақпараттармен бөлісті.

🌍 Семинарда Nazarbayev University-ге түсу ерекшеліктері, IELTS, SAT, PSAT, AP емтихандары және университет таңдауда ескерілетін негізгі факторлар талқыланды.

✨ Бала болашағы – ата-ана мен мектептің ортақ жауапкершілігі!

Кездесуге қатысып, балаларының болашағына бейжай қарамай, белсенділік танытқан барлық ата-аналарға алғыс білдіреміз! 💙

#ОралБИЛ #БолашаққаБағыт #Профориентация #Университет #АтаАнаМенМектеп taken in Орал "Білім-Инновация" Лицейі by @bil.oral
1
a day ago
Download
*Қ. Сәтбаев атындағы олимпиаданың облыстық кезеңінде* мектебіміздің намысын қорғаған оқушыларымыз өте жоғары білім деңгейін көрсетіп, жарқын жеңіске жетті. Олар жүлделі *1-орынды* қанжығасына байлап, олимпиаданың *республикалық кезеңіне жолдама* алып отыр!
​Біздің мақтаныштарымыз:
🥇 *9-сынып* : Сұңғатұлы Рауан және Ерген Иманәлі
🥇 *10-сынып* : Салаватов Азамат
🥇 *11-сынып* : Мукаев Оралжан

​Білімпаз оқушыларымызды осы үлкен жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы өтетін республикалық додада да еш сүрінбей, тек биіктен көрініп, бас жүлдемен оралуларына тілектеспіз🙌 taken in Орал "Білім-Инновация" Лицейі by @bil.oral
13
2 days ago
Download
Қазан айының 7–9 күндері мектебімізде «Ата-ана мен ұстаз – бетпе-бет» форматында педагогикалық консилиум өткізілді. Кездесудің негізгі мақсаты – ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту, оқушылардың оқу үлгерімі мен білім сапасын талқылау, оқу барысында кездесетін қиындықтарды бірлесе шешу. Консилиум барысында пән мұғалімдері ата-аналармен жеке кездесіп, оқушылардың оқу жетістіктері, жеке ерекшеліктері мен білім алудағы қажеттіліктері жөнінде пікір алмасты. Кездесу қорытындысында оқушының жан-жақты дамуы мен табысты білім алуына жағдай жасау үшін мектеп пен ата-ананың өзара түсіністігі мен бірлескен әрекетінің маңыздылығы атап өтілді. taken in Орал "Білім-Инновация" Лицейі by @bil.oral
3
3 days ago
Download
12–16 октября 2026 года
НЕДЕЛЯ РУССКОГО ЯЗЫКА И ЛИТЕРАТУРЫ taken in Орал "Білім-Инновация" Лицейі by @bil.oral
36
4 days ago
Download
🎬 «Мұғалім болмасаңыз, кім болар едіңіз?»

Бірі – дәрігер, бірі – ұшқыш, енді бірі – кәсіпкер болар еді… 👨🏻‍⚕️👨🏻‍✈️

Әр ұстаздың жүрегінде бір кездері басқа мамандыққа деген арман болған шығар. Бірақ олар ең қадірлі жолды – ұстаздық жолды таңдады. ❤️

Бәлкім, басқа салада да биік белестерді бағындырар ма еді?! Бірақ бүгін олар шәкірт тәрбиелеп, талай баланың болашағына жол ашып жүр.

Басқа жолды емес, ұстаздықты таңдағандарыңыз үшін рақмет! 🫶🏻

Сіздердей ұстаздардың ортамызда бары – біз үшін үлкен мақтаныш! 💙

#ОралБИЛ #Ұстаздар #МұғалімБолмасам #ҰстаздықЖол #BilimInnovation taken in Орал "Білім-Инновация" Лицейі by @bil.oral
44
4 days ago
Download
🎓 IELTS 7.5 — Outstanding Achievement! 🔥

Орал «Білім-инновация» ұлдар лицейінің оқушысы Балтиев Жан IELTS халықаралық емтиханынан 7.5 балл жинап, жоғары нәтиже көрсетті! 👏

Бұл — тынымсыз еңбек пен табандылықтың жемісі!

Keep pushing, Zhаn! The future is yours! 🚀

Жетістігің құтты болсын! Алдағы асуларды да бағындыра бер! 💙

#IELTS75 #ProudOfYou #OralBIL #BilimInnovation #StudentSuccess taken in Орал "Білім-Инновация" Лицейі by @bil.oral
37
7 days ago
Download
🤝 WELCOME PARTY | ӘКЕЛЕР КЕҢЕСІ

Бір шаңырақ астында — жаңа таныстық, жаңа достық, жаңа орта! 🫂

7-сыныпқа жаңадан келген оқушыларымыздың әкелерін Орал БИЛ әкелерімен таныстырып, ортақ дастархан басында бас қосу мақсатында Welcome Party ұйымдастырылды. 🎉

Бұл кеш — жай ғана кездесу емес,
✨ әкелер арасындағы байланысты нығайту;
🤝 бірлік пен ауызбіршілікті арттыру;
💙 лицей мен ата-ана арасындағы байланысты күшейту;
😊 жақсы көңіл-күй мен жаңа достыққа жол ашу.

Барша әкелерге белсенді қатысып, дастарханды бірге жайып, жақсы атмосфера қалыптастырғандарыңыз үшін үлкен рақмет! 🙌 taken in Орал "Білім-Инновация" Лицейі by @bil.oral
6
7 days ago
Download
🏆 Еңбек бар жерде – нәтиже, нәтиже бар жерде – құрмет!

Орал «Білім-инновация» лицейінің ұстаздарын Құрмет грамотасына ие болуларымен шын жүректен құттықтаймыз!

👏 Кабиева Айнаш Амантайқызы
👏 Мендешова Әсел Ерболатқызы
👏 Мурсалимов Айболат Ернатұлы
👏 Даулетов Асылан Мұқанұлы

Ұстаздарымыздың білім беру саласындағы қажырлы еңбегі мен кәсіби шеберлігінің бағалануы – лицейіміз үшін үлкен мәртебе.

Еңбектеріңіз әрдайым еленіп, мерейлеріңіз үстем, абыройларыңыз асқақ болсын! Жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз! 💐

#ОралБИЛ #БілімИнновацияЛицейі #ҰстазМәртебесі #ҚұрметГрамотасы #ҰстазЕңбегі taken in Орал "Білім-Инновация" Лицейі by @bil.oral
16
8 days ago
Download
Құрметті ұстаздар!

Сіздерді Орал «Білім-инновация» лицейі атынан кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ұстаз – шәкіртке білім беріп қана қоймай, оның бойына ізгілік пен адамгершілік қасиеттерді сіңіріп, болашаққа бағыт-бағдар беретін тұлға.

Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен шәкірт тәрбиесіне қосқан өлшеусіз үлестеріңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз. Әр шәкіртіңіздің жетістігі еңбектеріңіздің жемісі болып, абыройларыңызды асқақтата берсін!

Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс пен шығармашылық шабыт тілейміз!

Ұстаздар күні құтты болсын!

Ізгі тілекпен,
Орал «Білім-инновация» лицейі taken in Орал "Білім-Инновация" Лицейі by @bil.oral
3
10 days ago
Download

Download All

Save the photos and videos currently loaded on this page.

0Photos
0Videos
Ready to download 0 / 0

Keep this tab open until your download is ready.

back to up