Instagram story viewer> @miras__serik> Tagged
1.9K
followers
396
following
Талдықорған қаласы әкімінің көмекшісі 🇰🇿
Помощник акима города Талдыкорган 🇰🇿
POSTS STORIES REELS TAGGED
🔻 ТАҒАЙЫНДАУ 

Талдықорған қаласы әкімінің өкімімен Мирас Серікұлы Талдықорған қаласы әкімінің көмекшісі болып тағайындалды. 

Мирас Серікұлы 05 ақпан 1991 жылы Алматы облысы, Көксу ауданында дүниеге келген.
Білімі жоғары,  Ө.А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясының «Қаржы», Шымкент университетінің «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2012 жылы құқық қорғау органдарында бастаған.
2018-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бас маманы;
2022-2024 жылдары «АMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының заң кеңесшісі, партиялық бақылау жөніндегі инспекторы, ұйымдастыру-бақылау жұмыс бөлімінің меңгерушісі;
2024-2025 жылдары «АMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалының төрағасы;
2025-2026 жылдары Жетісу облысы әкімінің аппараты азаматтар өтініштерінің қаралуын бақылау бөлімінің бас инспекторы;
2026 жылдың 02 сәуірінен 31 шілдеге дейін Талдықорған қаласының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы орынбасары;

2026 жылдың 03 тамыздан бастап Талдықорған қаласы әкімінің көмекшісі болып тағайындалды.
170
🔻«Талдықорған қаласының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Кадыров Сункар Сапарович «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жұмыс сапарымен барды.

Сапар аясында мекеменің қызметі кешенді түрде қаралып, инфрақұрылымы мен қызмет көрсету деңгейіне назар аударылды.

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде назар аударуды қажет ететін тұстар белгіленіп, оларды жетілдіру бойынша нақты бағыттар айқындалды.

Сонымен қатар, алдағы кезеңдегі негізгі басымдықтар талқыланып, мекеме жұмысын одан әрі жетілдіруге қатысты міндеттер нақтыланды.
16
✨Талдықорған қалалық жұмыспен қамту, үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Сұңқар Қадыров Талдықорған қаласының «Жанұя» отбасын қолдау орталығына жұмыс сапарымен келді.

Іс-сапар барысында орталықтың қызметімен толық танысып, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Сонымен қатар, ғимараттағы жөндеу жұмыстары мен техникалық өзгерістер мәселелері талқыланып, алдағы жоспарлар айқындалды.

🤝 Аталған кездесу орталық қызметінің тиімділігін арттыруға және халыққа көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған.
13
back to up