Instagram story viewer> @zhankashuly> Tagged
2.2K
followers
1358
following
✍🏻Қазақстан Жазушылар одағының
Қарағанды облыстық филалының төрағасы.
POSTS STORIES REELS TAGGED
«ЖАРЫҚ» жыр жинағы жарық көрді.✨
Нұрасыл Аманжол мен Нұрдәулет Бақытұлының «ЖАРЫҚ» атты шағын жыр жинағы жарық көрді.
Қос ақынның жүрек түкпіріндегі ой-толғамдары мен жырлары топтастырылған бұл кітап оқырманға не ұсынбақ?
Жинаққа көз жүгіртсек, ақындардың жастықтың жалынды үміті мен сезім сырынан бастап, өмірдің мәні мен иірімдеріне дейін қалам тербегенін байқаймыз. Сонымен қатар ұлт, рух, тарих тақырыптарына да үн қосып, өлең өрісін кеңейте түскен.
Қос ақынның қаламы ұштала берсін! «ЖАРЫҚтың» оқырманы көп болғай!

Кітаптың мазмұны мен шығармашылық мақсатына тоқталған Нұрасыл Аманжол алғашқы туындысының жарық көруіне қатысты да өз ойын бөлісті:
«Жарық» – жыр жинағы. Нұрдаулет досым екеуіміздің алғашқы кітабымыз. Оның ішінде жүректен шыққан жырларымыз, көңілге түйген ойларымыз, өмірден алған әсерлеріміз бен сезімдеріміз тоғысты. Бұл кітап – екі ақынның шығармашылық жолындағы алғашқы қадамы, оқырманға ұсынған ішкі әлемінің бір бөлшегі. Әр өлеңнің астарында өзіміз көрген өмір, сезінген сезім, айтылмай қалған сыр бар.

Бұл жинақ “Жас жазушылар мен ақындарды қолдау жөніндегі жобаларды іске асыру” мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында, Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының,
Ақын ағамыз Жанат Жаңқашұлының қолдауымен шығып отыр.
 
Алдымызда әлі талай ізденісті қажет ететін дүние бар.
Бүгінгі күн - ертеңге тарих,ертеңгі күнді білім мен ізденіске арнасақ дейміз.
20
⠀⠀⠀⠀
Қарағандыыыы! Бұйырса, 9 тамыз орталық саябақта өзгеше жыр кешін беріп, өлең оқимыз❤️

Жалынды жастық шағымызға куә ерке шаһарды ән мен жырға бөлемекпіз🌸

Өлеңсүйер оқырманды асыға күтеміз😍
61
«Айбоз» ұлттық сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Жанат Жаңқашұлы Ақтамберді Сарыұлының 350 жылдығына арналған республикалық мүшәйрада бас жүлде – автокөлік жеңіп алды.

Абай облысы, Аягөз ауданында өткен «Ерлікті, елдікті жырлаған – Ақтамберді» атты жыр додасы даңқты жыраудың батырлық болмысын, елдік мұраты мен рухани мұрасын дәріптеуге арналды. Елдің әр өңірінен жолданған 160 туындының арасынан Жанат Жаңқашұлының «Күбір» атты өлеңі үздік танылып, бас жүлдеге ие болды.

Темір тұлпарды тақымына басқан ақынды жеңісімен құттықтаймыз!
15
🏆 «Ерлікті – елдікті жырлаған Ақтамберді» атты республикалық жыр мүшәйрасының Бас жүлдесін Қарағанды облысының ақыны Жанат Жаңқашұлы иеленді.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Ақтамберді жыраудың рухани мұрасын ұлықтауға арналған игі бастамалар жалғасып, ұлттық поэзияның мерейі арта берсін!
12
✨✍️📚 ЖАНАТ ЖАҢҚАШҰЛЫ - ЖЫР МҮШӘЙРАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!

✨✍️📚 АБАЙ облысы, АЯГӨЗДЕ өтіп жатқан АҚТАМБЕРДІ жыраудың 350 жылдығына арналған республикалық жыр мүшәйрасында жерлесіміз, ақын ЖАНАТ ЖАҢҚАШҰЛЫ топ жарып, 🚘 темір тұлпар иегері атанды. 
✨✍️📚 ЖАНАТ ЖАҢҚАШҰЛЫ - ҚАРҚАРАЛЫ ауданы, ҚАСЫМ ауылы, САРЫОБАЛЫДАН шыққан мұзбалақ ақын, республикалық «АЙБОЗ» ұлттық әдеби сыйлығының иегері.
🎊✍️📚 Жерлесіміздің жүлдесі құтты болсын, ағайын!
57
back to up