Instagram story viewer> @texol.group> Posts
3.8K
followers
2
following
С Texol будущее ярче – присоединяйся к нам!
• Сервис
• Инфраструктура
• Перевозки
POSTS STORIES REELS TAGGED
Инженерлік идеядан дайын вагонға дейін. Қазақстанда жасалған! 🇰🇿

TransLogistica Kazakhstan 2026 халықаралық көрмесінде TEXOL компаниялар тобы Атырау вагон құрастыру зауытының конструкторлық бюросы әзірлеген 18-3203 үлгісіндегі штампты-дәнекерленген арбаның тәжірибелік үлгісін таныстырды.

Жаңа конструкцияның басты артықшылығы — кеңістіктік қаттылығының жоғары болуы. Бұл жылжымалы құрамның динамикалық сипаттамаларын жақсартуға және теміржол жолына түсетін қолайсыз әсерді азайтуға бағытталған.

АВҚЗ — вагон жасаудың толық өндірістік циклі. Мұнда инженерлік идеяны әзірлеу мен жобалаудан бастап, сынақтан өткізу және өнеркәсіптік өндіріске дейінгі барлық кезең жүзеге асырылады. Табақ металдан бастап дайын вагонға дейін.

Кәсіпорынның жүк вагондарының барлық модельдік желісі де осында әзірленген.

Біздің мақсатымыз — тек вагон өндіру ғана емес, жүк тасымалының тиімділігін арттыратын және қазақстандық өнімнің әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін күшейтетін технологияларды дамыту.

TEXOL — теміржол саласының болашағына арналған инженерлік шешімдер жасаймыз.

#TEXOL#АВҚЗ#TransLogisticaKazakhstan2026 #MadeInKazakhstan#МашинаЖасауИндустрияландыру by @texol.group
2
13 hours ago
Download
№ 1000 маршрут паспорты: АВҚЗ өндірісімен танысу жолы 🇰🇿

Атырау вагон құрастыру зауыты мыңыншы жүк жартылай ашық вагонының салтанатты таныстырылымы аясында республикалық және өңірлік БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз турын ұйымдастырды.

№ 1000 маршруты өндіріс үдерістерін ішінен көруге мүмкіндік берді. Баспасөз турына қатысушылар жүк жылжымалы құрамын өндірудің негізгі кезеңдерімен, өндірістік учаскелердің жұмысымен және кәсіпорындағы технологиялық үдерістермен танысты.

Сондай-ақ баспасөз туры барысында қатысушылар АВҚЗ-ның даму бағыттары, өндірістік мүмкіндіктерінің кеңеюі және Атырау облысында TEXOL теміржол индустриялық кластерінің қалыптасуы туралы ақпарат алды.

Бағдарламаның жеке бөлімі өндірістік алаңдарды аралауға арналды. Қатысушылар кәсіпорын жұмысының қалай ұйымдастырылғанын және дайын вагонды шығаруға қандай үдерістер қатысатынын көрді.

№ 1000 маршруты — өндірістік цехтардан отандық вагон жасаудағы маңызды белеске дейінгі жол.

#TEXOL#АВҚЗ#1000МаршрутПаспорты#БаспасөзТуры #АтырауМашинаЖасауҚазақстандаЖасалған taken in Kazakhstan Atyrau by @texol.group
2
3 days ago
Download
1000 полувагонов. Сделано в Атырау. Сделано в Казахстане. 🇰🇿

Атырауский вагоностроительный завод (АВСЗ) выпустил тысячный грузовой полувагон. Это важный производственный рубеж, отражающий развитие отечественного машиностроения и укрепление индустриального потенциала Казахстана.

АВСЗ — первый в Центральной Азии завод полного цикла по производству грузовых вагонов, построенный с нуля. Здесь создана современная промышленная база, позволяющая осваивать ключевые технологические процессы, развивать собственные компетенции и создавать продукцию с высокой добавленной стоимостью.

Масштаб проекта в цифрах:

* 6–8 тысяч вагонов в год — проектная производственная мощность.
* Более 2 400 рабочих мест — потенциал занятости.
* До 96% локализации — целевой показатель развития отечественного производства.

АВСЗ последовательно расширяет производственные возможности. Наряду с полувагонами предприятие осваивает выпуск крытых вагонов, хопперов и цистерн для перевозки нефтепродуктов и сжиженного углеводородного газа.

Стратегическое значение проекта выходит за пределы одного завода. АВСЗ становится производственным ядром железнодорожного индустриального кластера TEXOL в Атырауской области, объединяющего производство вагонов и комплектующих, испытания, ремонт и сервисное обслуживание подвижного состава.

Наша цель — развивать в Казахстане полный производственный цикл, укреплять национальную инженерную школу, снижать импортозависимость и создавать новые точки роста несырьевой экономики.

Тысячный полувагон — результат труда инженеров, конструкторов, технологов, рабочих и специалистов, которые ежедневно превращают производственные задачи в реальные достижения.

Сегодня Атырау укрепляет свои позиции не только как нефтяная столица Казахстана, но и как центр современного машиностроения.

1000 полувагонов — уже достигнутый результат. А главное — возможности, которые мы создаём для будущего.

Мы не просто производим вагоны. Мы создаём новую индустриальную историю Казахстана.

#TEXOL #АВСЗ #MadeInKazakhstan #Атырау #МашиностроениеИндустриализация taken in Kazakhstan Atyrau by @texol.group
7
5 days ago
Download
1000 жартылай ашық вагон. Атырауда жасалған. Қазақстанда жасалған. 🇰🇿

Атырау вагон құрастыру зауыты (АВҚЗ) мыңыншы жүк жартылай ашық вагонын шығарды. Бұл өндірістік белес — кәсіпорынның жетістігі ғана емес, отандық машина жасаудың дамуының және Қазақстанның индустриялық әлеуетінің нығаюының айқын нәтижесі.

АВҚЗ — Орталық Азияда нөлден бастап салынған, жүк вагондарын толық циклмен өндіретін алғашқы зауыт. Мұнда заманауи өндірістік база қалыптасып, негізгі технологиялық үдерістер игеріліп, қосылған құны жоғары өндіріс дамып келеді.

Жобаның ауқымын негізгі көрсеткіштер айқындайды:

* Жылына 6–8 мың вагон — жобалық өндірістік қуат.
* 2 400-ден астам жұмыс орны — жұмыспен қамту әлеуеті.
* 96%-ға дейінгі жергіліктендіру деңгейі — отандық өндірісті дамытудың нысаналы көрсеткіші.

АВҚЗ өндіріс көлемін арттырып, вагон модельдерінің қатарын кеңейтуде. Жартылай ашық вагондармен қатар кәсіпорын жабық вагондарды, хопперлерді, мұнай өнімдері мен сұйытылған көмірсутек газын тасымалдауға арналған цистерналарды өндіруді игеруде.

Кәсіпорын Атырау облысындағы TEXOL теміржол индустриялық кластерінің өндірістік өзегіне айналып келеді. Кластер вагондар мен құрамдас бөлшектер өндірісін, сынақ инфрақұрылымын, жылжымалы құрамды жөндеу мен сервистік қызмет көрсетуді біріктіреді.

Біздің мақсатымыз — Қазақстанда толық өндірістік цикл қалыптастыру, ұлттық инженерлік мектепті дамыту, импортқа тәуелділікті азайту және шикізаттық емес экономиканың жаңа өсу нүктелерін құру.

Мыңыншы вагон — инженерлердің, конструкторлардың, технологтардың, жұмысшылар мен барлық мамандардың ортақ еңбегінің нәтижесі.

Бүгінде мұнайлы өңір ретінде танылған Атырау заманауи машина жасау орталығы ретіндегі орнын да нығайтып келеді.

1000 жартылай ашық вагон — қол жеткізілген нәтиже. Алда — жаңа мүмкіндіктер мен өндірістік белестер.

Біз жай ғана вагон өндірмейміз. Біз Қазақстанның жаңа индустриялық тарихын қалыптастырып жатырмыз.

#TEXOL #АВҚЗ #ҚазақстандаЖасалған #Атырау #МашинаЖасау Индустрияландыру taken in Kazakhstan Atyrau by @texol.group
31
5 days ago
Download
Мемлекеттердің Премьер-министрлері «ИННОПРОМ. Беларусь» көрмесінде Атырау вагон құрастыру зауытының өнімдерімен танысты

Мемлекеттердің Премьер-министрлері Минск қаласында өткен «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне бару барысында TEXOL  компаниялар тобы құрамына кіретін Атырау вагон құрастыру зауытының (АВҚЗ) өнімдерімен танысты. 1 қазанда Премьер-министрлер көрме экспозициясын бірлесіп аралады.

TEXOL компаниялар тобының негізін қалаушы әрі Директорлар кеңесінің төрағасы Шота Абхазава Премьер-министрлерге АВҚЗ шығаратын жүк жылжымалы құрамының қазіргі және перспективалық модельдік қатарын таныстырып, Қазақстандағы топтың вагон жасау өндірісін дамыту барысы туралы айтып берді.

Атап айтқанда, көрмеде АВҚЗ-ның жаңа әзірлемелері — 11-3236 моделі жабық вагон және 19-3250 моделі хоппер-вагоны ұсынылды. Екі модельдің тәжірибелік үлгілері сертификаттау сынақтарынан өтуде. Жабық вагон жүріс сынақтарын өткізу үшін Беларусь Республикасына жіберілді, ал хоппер-вагон Атырау қаласындағы TEXOL компаниялар тобының жеке сынақ орталығында (ТҒЗО) сынақтан өтуде.

Шота Абхазава кәсіпорынның модельдік қатарын одан әрі кеңейту жоспарлары туралы да айтып берді. АВҚЗ-ның перспективалық өнім қатарында астық тасымалдауға арналған хоппер-вагондар, күкірт қышқылы мен өсімдік майларын тасымалдауға арналған цистерналар, сондай-ақ 80 футтық фитингтік платформалар бар. Қазақстанда әзірленген жүк вагондарына арналған штампталған-дәнекерленген арбаша моделі де сынақтан өтуде. Вагондардың барлық жаңа модельдерін «ҚазЦТТ» жеке инжинирингтік орталығы әзірлеген.

«ИННОПРОМ. Беларусь» көрмесіне қатысу TEXOL компаниялар тобына өндірістік және инженерлік құзыреттерін таныстыруға, сондай-ақ ЕАЭО елдеріндегі серіктестермен өнеркәсіптік кооперацияның перспективаларын талқылауға мүмкіндік береді.

#Атырау#АрманҚала#ИННОПРОМ2026#АВҚЗ #TEXOLGROUP taken in Minsk, Belarus by @texol.group
7
15 days ago
Download
Құрметті әріптестер!

Сіздерді кәсіби мереке — Машина жасаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Биыл бұл мерекені біз шын мәнінде мақтан тұтатын нәтижелермен қарсы алып отырмыз. Кәсіби мереке қарсаңында Атырау вагон құрастыру зауытының конвейерінен 1000-шы жартылай вагон түсірілді.

Бұл цифрдың артында үлкен ұжымның еңбегі, мыңдаған өндірістік операция, жаңа құзыреттер және ең бастысы — Қазақстандағы заманауи машина жасаудың қарқынды, технологиялық әрі ауқымды түрде дами алатынының нақты дәлелі тұр.

Бүгінде біз зауыттың бастапқы міндеттерінен әлдеқайда ауқымды мақсаттарға бет алып отырмыз. Жетілдірілген сипаттамалары бар жүк вагондарының жаңа түрлерін игеріп, қазақстандық қамту үлесін кезең-кезеңімен арттырып, өзіміздің өндірістік және инженерлік базамызды қалыптастырудамыз.

Біз Атырауда толыққанды индустриялық кластер құрудамыз. Мұнда біртұтас өндірістік тізбек біртіндеп қалыптасып келеді: құрамдас бөлшектер мен доңғалақ жұптарын өндіруден бастап, дайын жылжымалы құрамды шығаруға, оны сынақтан өткізуге, қызмет көрсетуге және жөндеуге дейінгі барлық кезең қамтылады. Бұл — жаңа өндірістер, жаңа технологиялар, мыңдаған жұмыс орындары және өңіріміз бен еліміз үшін жаңа құзыреттер.

Біздің мақсатымыз — дәстүрлі түрде еліміздің мұнай-газ орталығы саналатын Атыраудың Қазақстандағы заманауи машина жасаудың маңызды орталықтарының біріне айналуына үлес қосу.

Ал бүгінде жасалған және алдағы уақытта жүзеге асырылатын барлық жобаның негізінде — адам еңбегі жатыр.

Әрбір жұмысшыға, инженерге, конструкторға, технологқа, шеберге — күн сайын өз еңбегімен жоспарларымызды нақты өндіріске айналдырып жүрген баршаңызға алғысымды білдіремін.

1000-шы вагон — маңызды белес. Алайда бұл — біздің ортақ үлкен жолымыздың басы ғана.

Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, амандық, әл-ауқат, болашаққа деген сенім және жаңа кәсіби жетістіктер тілеймін!

Директорлар кеңесінің төрағасы
Шота Мерабович Абхазава taken in Kazakhstan Atyrau by @texol.group
9
20 days ago
Download
Маманмен бір күн рубрикасының кезекті кейіпкері - бұрғылаушы

Бұрғылаушы -  бөлшектер мен материалдарды бұрғылау (тесу) станоктарында өңдейтін, олардың бетінде әртүрлі тесіктер жасайтын білікті жұмысшы.

Бұрғылаушы болып жұмыс істеу кезінде дәлдік, ұқыптылық және қауіпсіздік өте маңызды.

Келесі шығарылымда қандай мамандық иесін көргіңіз келеді? Пікіріңізді төменге қалдырыңыз⤵️ by @texol.group
132
21 days ago
Download
Атырау вагон құрастыру зауытының аумағында Машина жасаушылар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шара аясында өндіріске елеулі үлес қосқан, жоғары кәсібилік пен бастамашылдық танытқан қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.

Кәсіби шеберлікке ерекше көңіл бөлінді. «Кәсібі бойынша үздік» байқауы аясында өндірістік бөлімшелердің қызметкерлері түрлі бағыттар бойынша өздерінің білімі мен шеберлігін көрсетті. Қатысушылар жүк орнын ауыстыру, конструкцияларды құрастырудан бастап, дәнекерлеу, лазерлік кесу және бөлшектерді өңдеуге дейінгі жұмыстарда дәлдік, сапа және жеделдікті талап ететін практикалық тапсырмаларды орындады.

Байқау қорытындысы бойынша алты номинацияда жеңімпаздар анықталды: «Үздік стропальщик», «Үздік слесарь-құрастырушы», «Үздік электргазбен дәнекерлеуші», «Бағдарламалық басқарылатын станоктың үздік операторы», «Үздік комбилифт жүргізушісі» және «Үздік қайрақшы».

Мерекелік бағдарлама музыкалық және би қойылымдарымен, сондай-ақ «Корпоративтік мерчке арналған үздік эмблема» шығармашылық байқауымен толықты.

Машина жасаушылар күні қызметкерлердің кәсібилігін, командалық жұмысты және мамандардың өндірісті дамытуға қосқан үлесін тағы бір мәрте атап өтуге мүмкіндік берді.

#Атырау#АрманҚала#МашинаЖасаушыларКүні#АВҚЗ#TEXOLGROUP taken in Kazakhstan Atyrau by @texol.group
17
21 days ago
Download
Промышленная журналистика начинается с производства
Агентство стратегических коммуникаций Magynaly Business продолжает свою работу в рамках меморандума с Атырауским университетом имени Х. Досмухамедова.

Основной целью соглашения является развитие практико-ориентированного образования в сферах журналистики, связей с общественностью и медиакоммуникаций, повышение профессионального потенциала студентов и молодых специалистов, а также укрепление взаимодействия между образовательным учреждением и профессиональной средой. 

Сегодня мы запустили курс «Промышленная журналистика» для студентов кафедры журналистики Атырауского университета.

В основе курса — практическое знакомство с промышленностью региона. Будущим журналистам предстоит учиться понимать производственные процессы, работать с технической информацией, общаться со специалистами предприятий и рассказывать о сложных отраслевых темах понятно и профессионально.

Первое занятие прошло на базе группы компаний TEXOL. Во время короткой вводной части студенты получили свое первое практическое задание: подготовить материалы об Атырауском вагоностроительном заводе в разных журналистских жанрах и форматах.

А затем увидели производство своими глазами. Экскурсию по заводу для студентов провел директор по производству Максим Рошко. Ребята получили уникальную возможность проследить полный цикл создания вагона — от штамповки деталей до полной сборки готового вагона, увидеть работу оборудования и специалистов, задать вопросы непосредственно на производственной площадке.

Именно на таком подходе строится весь курс: теория сразу подкрепляется практикой, а знакомство с предприятием становится основой для собственного журналистского материала.

Впереди у студентов — крупнейшие нефтегазовые и промышленные предприятия региона, встречи с их специалистами, новые задания и первые собственные материалы о производстве.

Наша задача — дать будущим журналистам возможность еще во время учебы научиться понимать промышленность региона и профессионально рассказывать о ней обществу. by @texol.group
7
25 days ago
Download
«Атырау вагон құрастыру зауытының» бас директоры Есболат Дүйсеков ТМД Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің Вагон шаруашылығы жөніндегі комиссиясының 83-отырысына қатысты.
 
Іс-шараға 1520 кеңістігіндегі 15 елдің теміржол әкімшіліктерінің, ұлттық қауымдастықтарының жетекшілері және негізгі машина жасау кәсіпорындарының басшылары қатысты.
 
Отырыс барысында вагон паркін жаңғырту, қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын күшейту және сапасыз пайдаланылған қосалқы бөлшектердің айналымына жол бермеу мәселелері талқыланды. Қатысушылар жүк вагондарының қызмет ету мерзімдерін реттеу бойынша өзара тиімді тәсілдерді әзірлеуге және жалпы теміржол желісіне инновациялық жылжымалы құрамды енгізуге ерекше назар аударды.
 
Нормативтік-техникалық базаны өзектендіру мәселелері бойынша өткен талқылаулар аясында «Атырау вагон құрастыру зауыты» ЖШС бас директоры Есболат Дүйсеков кәсіпорынның өндірістік және технологиялық әлеуетін таныстырды. Кәсіпорын басшысы зауыттың Қазақстан және Достастық елдерінің нарықтарын Комиссияның жаңа қатаң талаптарына толық сәйкес келетін заманауи, сенімді және сертификатталған жылжымалы құраммен қамтамасыз етуге дайын екенін атап өтті.
 
Отырыс қорытындысы бойынша вагондарды жөндеу қағидаларындағы жүйелі өзгерістерді бекіткен, сондай-ақ жүк вагондарының жаңа үлгілерін жалпы желілік техникалық анықтамалықтарға енгізуді көздейтін қорытынды хаттама бекітілді. «Атырау вагон құрастыру зауыты» үшін бұл сертификатталған өнім желісін одан әрі кеңейтуге және зауыттың инновациялық жылжымалы құрамын Достастық елдерінің теміржолдарының бірыңғай желісіне интеграциялауға мүмкіндік береді.

#Атырау#АрманҚала#ТеміржолКөлігі#АВҚЗ#TEXOLGROUP taken in Kazakhstan Atyrau by @texol.group
6
a month ago
Download
⚽️ TEXOL Group футбол турнирі — 2026

TEXOL Group кәсіпорындары арасында жыл сайынғы футбол турнирінің финалы өтті.

Футбол алаңында Группа кәсіпорындарының командалары бас қосып, өздерінің спорттық шеберліктерін көрсетіп, әріптестеріне қолдау білдіріп, командалық бірлікті нығайтты.

Финалдық ойындар көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, жанкүйерлердің қолдауымен және әдемі футбол сәттерімен есте қалды. ⚽️

🏆 Турнир қорытындысы:

🥇 1-орын — АВҚЗ «Бомар» командасы
🥈 2-орын — «Ақ-Жайық-7» құрама командасы
🥉 3-орын — АВҚЗ ОТК командасы

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! 🏆
Барлық командаларға лайықты ойындары, жақсы дайындығы және спорттық белсенділігі үшін алғыс білдіреміз. Ал жанкүйерлерге қолдауы мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлағандары үшін рақмет!

TEXOL Group — бір команда, бір рух! ⚽️

#Атырау#АрманҚала#ФутболТурнирі#БірКомандаБірРух#TEXOLTeam 

________________

⚽️ Футбольный турнир TEXOL Group — 2026

В TEXOL Group состоялся финал ежегодного футбольного турнира среди предприятий Группы.

На футбольном поле встретились команды предприятий TEXOL Group, объединившие сотрудников разных подразделений и компаний. Турнир стал хорошей возможностью проявить спортивные навыки, поддержать коллег и провести время вместе.

Финальные игры прошли в тёплой спортивной атмосфере — с хорошим настроением, поддержкой болельщиков и красивыми футбольными моментами. ⚽️

🏆 Итоги турнира:

🥇 1 место — команда АВСЗ «Бомар»
🥈 2 место — сборная команда «Ак-Жайык-7»
🥉 3 место — команда АВСЗ ОТК

Поздравляем победителей и призёров! 🏆
Благодарим все команды за достойную игру, хорошую подготовку и спортивный настрой, а болельщиков — за поддержку!

TEXOL Group — одна команда, один дух! ⚽️ taken in Kazakhstan Atyrau by @texol.group
13
a month ago
Download
Атырауға жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» Президиумының Төрағасы Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Атырау вагон құрастыру зауытына барды.

Сапар барысында Қанат Бисимбайұлы АВҚЗ-ның өндірістік қуаттарымен, технологиялық процестерімен және шығарылатын өнімдерімен танысып, кәсіпорынның негізгі өндірістік учаскелерін аралады.

Зауыттың жұмыс нәтижелері, негізгі қызмет бағыттары және өндірісті одан әрі дамыту перспективалары таныстырылды.

Сапар барысында отандық вагон жасауды дамыту, өндірістік мүмкіндіктерді кеңейту және өнеркәсіптік бизнесті қолдау мәселелері де талқыланды.

Қанат Бисимбайұлы осындай ірі өнеркәсіптік кластерлердің отандық өндірісті дамыту, ішкі нарықты қамтамасыз ету және елдің транзиттік әлеуетін арттырудағы стратегиялық маңызын атап өтті.

#Атырау#АрманҚала#Атамекен#АВҚЗ#TEXOLGROUP 

____________

В рамках рабочей поездки в Атырау Председатель Президиума Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан «Атамекен» Канат Бисимбаевич Шарлапаев посетил Атырауский вагонстроительный завод.

В ходе визита Канат Бисимбаевич ознакомился с производственными мощностями АВСЗ, технологическими процессами и выпускаемой продукцией, а также посетил основные производственные участки предприятия.

Были представлены результаты работы завода, основные направления деятельности и перспективы дальнейшего развития производства.

В ходе посещения также обсудили вопросы развития отечественного вагоностроения, расширения производственных возможностей и поддержки промышленного бизнеса.

Канат Бисимбаевич отметил стратегическое значение таких крупных промышленных кластеров для развития отечественного производства, обеспечения внутреннего рынка и наращивания транзитного потенциала страны. taken in Kazakhstan Atyrau by @texol.group
4
a month ago
Download

Download All

Save the photos and videos currently loaded on this page.

0Photos
0Videos
Ready to download 0 / 0

Keep this tab open until your download is ready.

back to up