Instagram story viewer> @bil.aqtobe> Posts
12K
followers
52
following
🏢Ақтөбе "Білім-инновация" ұлдар лицейі
«Сапалы білім , Саналы тәрбие»
POSTS STORIES REELS TAGGED
Тәрбиешілер құрамы by @bil.aqtobe
41
3 days ago
Download
Қоғамдық пәндер бағыты by @bil.aqtobe
0
3 days ago
Download
Жаратылыстану бағыты by @bil.aqtobe
46
3 days ago
Download
Гуманитарлық бағыты by @bil.aqtobe
9
3 days ago
Download
2026-2027 оқу жылына арналған әкімшілік құрамы📚 by @bil.aqtobe
25
3 days ago
Download
🏆 АҚТӨБЕ BIL — «JUNIOR» 7–8 СЫНЫПТАР АРАСЫНДАҒЫ БАТЫС АЙМАҚТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ!🥈🥈

Ақтөбе BIL командасы 7–8 сыныптар арасындағы «Junior» турнирінің батыс аймақтық кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, жарысты II орынмен аяқтады! ⚽️🥈

Сонымен қатар, командамыздың ойыншысы, 8 «Ә» сынып оқушысы Ақылбек Әділет «Үздік қорғаушы» номинациясымен марапатталды! ⚽️🔥 by @bil.aqtobe
9
3 days ago
Download
ҚР Оқу-ағарту министрімен кездесу
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың төрағалығымен өткен жиында “Қазақ тілі” пәнінің үлгілік оқу бағдарламасының жобасы талқыланды.
Маңызды кездесуге лицейіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, республикалық жұмыс тобының мүшесі - Баян Базарғалиева қатысып, пән мазмұнын жетілдіру мен білім беру сапасын арттыру мәселелерін талқылауға үлесін қосты. 
“Қазақ тілі” пәнінің мазмұнын заман талабына сай жетілдіруге, оқыту сапасын арттыруға және оқушылардың тілдік құзыреттілігін дамытуға бағытталған келелі кеңестің келешек үшін маңызы зор. by @bil.aqtobe
4
4 days ago
Download
🤝 АТА-АНА МЕН ПӘН МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

📚 2026 жылғы 10 қазан күні Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатында ата-аналар мен пән мұғалімдерінің кездесуі өтті.

💬 Кездесу барысында оқушылардың оқу үлгерімі, білім сапасы және тәрбиесі мәселелері талқыланып, ата-ана мен ұстаз арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аударылды.

👨‍👩‍👦 Бала болашағы – ортақ жауапкершілік! Ата-ана мен ұстаздың бірлесе әрекет етуі оқушының жан-жақты дамуына және жетістікке жетуіне жол ашады.

💙 Бір мақсат, бір мүдде – сапалы білім, саналы ұрпақ!

#АқтөбеБИЛ #АтаАнаЖәнеҰстаз #БілімИнновация #АтаАнаЖиналысы #СапалыБілімСаналыҰрпақ by @bil.aqtobe
3
7 days ago
Download
📚 «Ұстазын ұлықтаған шәкірт» көрмесі

🔹 «Ұстаз – ұлы тұлға» атты облыстық іс-шара аясында «Ұстазын ұлықтаған шәкірт» атты көрме ұйымдастырылды. Көрменің негізгі мақсаты – педагог еңбегіне деген құрметті арттыру, сондай-ақ ұстаз бен шәкірт арасындағы сабақтастықты дәріптеу.

🏆 Көрмеге республикалық және халықаралық пәндік олимпиадалардың жүлдегері, лицейдің 10 «А» сынып оқушысы Ернар Арнат қатысты.

🤝 Көрме барысында Ернар Арнат Ақтөбе облысының әкімі Асхат Берлешұлы мен білім басқармасының басшысы Бұлбұл Бейсембайқызына өзінің жетістіктері мен шығармашылық ізденістері туралы таныстырып, алдағы мақсаттары және жоспарларымен бөлісті.

✨ Аталған іс-шара – шәкірттердің білім мен шығармашылық бағыттағы жетістіктерін бағалап, жас таланттарға қолдау көрсетудің және олардың алға қойған мақсаттарына жігерлендірудің жарқын үлгісі.

🌟 Лицейіміздің жас дарынды шәкірті Ернар Арнатқа алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете беруіне тілектеспіз! by @bil.aqtobe
17
9 days ago
Download
Ұстаздық жолда абыройлы еңбек етіп, білім мен тәрбие саласына қосқан елеулі үлесі үшін лицейіміздің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Баймуратова Зинаида Жакиевна Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды! Марапатты Облыс әкімі Асхат Шахаров салтанатты түрде табыс етті. Бұл марапат — ұстаз еңбегіне көрсетілген зор құрмет пен жоғары бағаның белгісі.
Зинаида Жакиевна, марапатыңыз құтты болсын! Еңбегіңіздің жемісін көріп, шәкірттеріңіздің алғысы мен құрметіне бөлене беріңіз! Сізге мықты денсаулық, шығармашылық шабыт, отбасылық амандық және толағай табыстар тілейміз! 💐
 Ұстаз еңбегі — ұрпаққа қалатын ұлы мұра! by @bil.aqtobe
38
10 days ago
Download
🌿 ҚАРИЯЛАР – АСЫЛ ҚАЗЫНА! 🌿

💐 1 қазан – Қарттар күніне орай Ақтөбе «Білім-инновация» лицей-интернатында лицей түлектерінің ата-аналары мен 7–11 сынып білім алушыларының ардақты ата-әжелеріне арналған «Қариялар – асыл қазына» атты мерекелік кеш өтті.

👨🏻‍💼 Мерекелік кеште лицей директоры Сабитов Аян Баянбекұлы ардақты қарияларды мерекемен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тіледі.

👵🏻👴🏻 Кештің басты мақсаты – аға буынға құрмет көрсету, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегесін кейінгі ұрпаққа дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту.

🎶 Мерекелік кеш барысында қонақтарға жүрекжарды тілектер айтылып, ән мен күйден шашу шашылды. Лицейімізде еңбек етіп жүрген Қоңыр ата мен Айғаным әжеміз әсем әндерімен кештің сәнін келтіріп, қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

💝 Ардақты ата-әжелеріміз ақ баталарын беріп, ізгі тілектерін білдірді. Мерекелік дастархан басында жылы әңгіме өрбіп, үлкендерге деген құрмет пен ізет айқын көрініс тапты.

🌸 Қариясын қадірлеген елдің – ырысы мен ынтымағы артады!

#ҚарияларАсылҚазына
#ҚарттарКүні
#1Қазан
#ҰрпақтарСабақтастығы
#БілімИнновация
АқтөбеБілімИнновацияЛицейі
АдалАзамат
Қамқор by @bil.aqtobe
5
15 days ago
Download
🏆 ҰСТАЗДЫҚ ПЕН ТАБАНДЫЛЫҚТЫ ҰШТАСТЫРҒАН ЖЕТІСТІК!

Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының тарих пәні мұғалімі Орынбек Айбол Ерболұлы халықаралық IRONMAN 70.3 жарысын сәтті аяқтап, зор жетістікке жетті! 🏅

📍 2026 жылдың 5 қыркүйегінде Әзербайжанның Баку қаласында өткен халықаралық жарыста ұстазымыз жоғары физикалық дайындық пен темірдей төзімділігін көрсетті.

IRONMAN 70.3 жарысы үш кезеңнен тұрады:
🏊🏻‍♂️ 1,9 км — жүзу
🚴🏻‍♂️ 90 км — велосипед
🏃🏻‍♂️ 21,1 км — жүгіру

Бұл — физикалық дайындықпен қатар, үлкен тәртіпті, табандылықты және мықты ерік-жігерді талап ететін күрделі сынақ.

💪🏻 Айбол Ерболұлы жарысқа 3 жылға жуық уақыт бойы үздіксіз дайындалған. Осы уақыт ішінде спортты күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналдырып, жаттығу мен уақытты тиімді жоспарлауды басты қағида еткен.

📚 Ұстаздың жетістігі — шәкіртке үлгі.

Сыныпта білім беріп қана қоймай, өмірде де өз ісімен үлгі болып жүрген ұстазымыздың бұл жетістігі — шәкірттерге мақсат қоюға, табанды болуға және өз мүмкіндігіне сенуге үлкен мотивация.

Лицейіміздің тарих пәні мұғалімі Орынбек Айбол Ерболұлын халықаралық деңгейдегі айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! 🎉

Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете беруіңізге тілектеспіз! 🏆

Сапалы білім – саналы тәрбие! 💜

#БілімИнновацияЛицейі #АқтөбеБИЛ #ОрынбекАйбол #IRONMAN703 #ҰстазҮлгісі СапалыБілімСаналыТәрбие by @bil.aqtobe
31
18 days ago
Download

Download All

Save the photos and videos currently loaded on this page.

0Photos
0Videos
Ready to download 0 / 0

Keep this tab open until your download is ready.

back to up